Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын венгр жазушысы Ласло Краснахоркаи иеленді. Оған сыйлық "өнердің күшін растайтын тартымды әрі визионерлік шығармашылығы үшін" берілген.
Автордың "Шайтан биі" мен "Қарсылық меланхолиясы" атты шығармалары венгр әдебиетінің классикалық туындылары саналады. Оның шығармалары 1977 жылдан бері басылып келеді, орыс тіліне 2017 жылы аударылған. Бұған дейін де әдебиет сыншылары оның шығармаларын Нобель сыйлығына лайықты деп айта бастаған.
Оның алғашқы романы "Шайтан биі" 1985 жылы жарық көрген. Азаттықтың Орыс қызметі оның Ресейде басылып шығуына орай кітап туралы мақала басқан.
Кітап және әңгімелерінен бөлек жазушы венгрдің танымал режиссері Бела Таррдың фильмдерінің де сценарисі ретінде танылған. Краснахоркаи Триесте тұрады. Ол Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның билігі тұсында өз еркімен елден кеткенін айтқан.