Accessibility links

Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты Ресейді Грузияға 253 млн еуро төлеуге міндеттеді


Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты Ресейді Грузияға 253 млн еуро төлеуге міндеттеді. Өтемақы Грузия мен 1990-жылдары Тбилисиден тәуелсіздігін жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетия арасында салынған дуалға байланысты тағайындалып отыр деп жазды "Настоящее время" арнасы.

Мәскеу 2008 жылғы соғыстан кейін осы аймақтардың "тәуелсіздігін" мойындаған. "Грузия Ресейге қарсы" атты іс бойынша шыққан шешімде 2009 жылдан бері Ресей әскерінің қатысуымен Тбилиси оккупация сызығы деп атайтын аумақтар арасындағы бұрынғы әкімшілік шекараның бойына тікенек сыммен қапталған металл қоршау тұрғызылғаны жазылған.

Сот Ресейдің Адам құқығы жөніндегі Еуропа конвенциясын тұрақты түрде бұзатынын атап өтті: шекараны кесіп өту кезінде заңсыз ұстау, шамадан артық күш қолдану, азаптау, дөрекі қарым-қатынас, қозғалысты шектеу, үй, жер, отбасына жібермеу, грузин тілінде оқытуға тыйым салу.

Ресей 2022 жылдан бері Адам құқығы жөніндегі Еуропа сотының шешімдерін мойындамайды.

XS
SM
MD
LG