Accessibility links

Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды


Абзал Нүкенов. Ақорда суреті.
Абзал Нүкенов. Ақорда суреті.

Абзал Нүкенов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бірнеше күн бұрын ол президент әкімшілігіндегі ішкі саясат бөлім жетекшісі қызметінен босатылған еді.

Ол енді қала әкімдігінде ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін мәселелерімен айналыспақ.

47 жастағы Абзал Нүкеновтің президент әкімшілігіндегі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі қызметіне тағайындалғанына шамамен жеті ай болған. Жалпы президент әкімшілігіне барғанына екі жарым жылдай уақыт болған.

Оған дейін үш жылдай Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған. 2016-2018 жылдары дін істері және азаматық қоғам вице-министрі болған. Оның еңбек жолының бастапқы кезеңі Алматы әкімдігіндегі түрлі қызметтермен байланысты.

XS
SM
MD
LG