Accessibility links

Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфрам өндіретін компаниядан үлес алған - Financial Times

АҚШ президентінің ұлдары – кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп
АҚШ президентінің ұлдары – кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп

АҚШ президентінің ұлдары – кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп Қазақстандағы вольфрам кен орнына қатысы бар компаниядан үлес алған. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, Дональд Трамптың ұлдары Қарағанды облысындағы кен орнын өндіру бойынша құрылған металлургиялық холдингке кірген компаниядағы үлесті былтыр тамызда иеленген.

Осы аптада Трамптың ұлдары үлес алған компания және тағы екі компания Kaz Resources брендіне біріккен. Бұл бренд Nasdaq биржасына акция шығаратыны айтылды.

Былтыр қарашада америкалық америкалық Cove Kaz Capital Group LLC және қазақстандық "Тау Кен Самұрық" ұлттық компаниясы Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орнын қазу бойынша келісімге келген. АҚШ тарабы біріккен кәсіпорынның 70 пайыз үлесін иеленген.

Financial Times ақпараты бойынша, Cove Kaz Capital компаниясы Export-Import Bank of the United States және US International Development Finance Corporation банктерімен жобаны қолдау үшін 1,6 млрд доллар алу бойынша алдын ала келісімге келген.

Қарағандыдағы кен орындары – вольфрам қоры бойынша әлемдегі ең ірі жер саналады. Бұл жобаға Қытай мен Ресей компаниялары да үміткер болған.

XS
SM
MD
LG