Украина әскерилері Каспий теңізінде Ресейдің қару-жарақ әкетіп бара жатқан екі кемесін шабуылдады деп хабарлады Украина қарулы күштерінің арнайы операциялар күші.
Киев тарабы "Композитор Рахманинов" және "Аскар-Сарыджа" кемелерін шабуылдағанын айтады. Бұл екі кеме Иран мен Ресей арасында қару тасығаны үшін АҚШ-тың санкциясына ілінген.
Шабуыл қашан жасалғаны, салдары қандай болғаны айтылмады. Ал Ресей тарабы бұл мәлімдемеге қатысты ештеңе айтқан жоқ.
Бұған қоса, Украина қарулы күштері аннексияланған Қырымда Ресейдің АН-26 ұшағы мен екі радиолокация жүйесі шабуылға ұшырағанын айтады. Бұл шабуылдың да салдары қандай болғаны ашық айтылмады.