Accessibility links

"12 күнде қаралсын". Тоқаев бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздар туралы тапсырма берді


Әскерде қаза тапқан я мүгедек болып қалған сарбаздардың туыстары биліктен армияны реформалауды талап етіп, үкімет үйінің алдына келіп тұр. Астана, 10 қараша, 2025 жыл.
Әскерде қаза тапқан я мүгедек болып қалған сарбаздардың туыстары биліктен армияны реформалауды талап етіп, үкімет үйінің алдына келіп тұр. Астана, 10 қараша, 2025 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Берік Асыловқа әскерде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Бүгін, 10 қарашада туысы, баласы азаматтық борышын өтеп я әскери қызмет атқарып жүргенде қаза тапқан бір топ адам Астанадағы үкімет үйіне барған еді. Олар Қазақстанның қарулы күштерінде реформа жүргізуді, жапа шеккендерге әділ өтемақы төлеуді талап етті.

Бұған қоса олар әскери істерді қайтадан қозғау, әділ тергеу жүргізу арнайы қоғамдық комиссия құру, әскери бөлімдердегі бейнебақылау жүйесін жаңарту, азаматтарды әскерге 25 жасқа толғаннан кейін шақыру сынды оншақты талабын айтты. Олардың сөзінше, түстен кейін жиынға қатысуға келген 6 азаматты құзырлы орган өкілдері ұстап әкеткен.

XS
SM
MD
LG