Accessibility links

Украина Ресейдің мұнай және химия зауыттарына дрондармен шабуылдады


Украина дрондары 29 қазанға қараған түні Ресейдің мұнай өңдейтін екі зауыты мен химия зауытына дрондармен шабуылдады. Бұған қоса, он әуежайда қозғалыс тоқтады.

Шабуылға ұшыраған зауыттар Марий Эл, Ульянов облысы мен Ставропольск аймағында орналасқан.

Марий Элдегі куәгерлер Оршанка елдімекенінде қатты өрт болғанын айтады. Мұнда Марий мұнай өңдеу зауыты орналасқан.

Ульянов облысындағы Новоспасское ауылындағы мұнай өңдеу зауытына да дрондар шабуылдаған. Жергілікті билік шабуылдын алдын алдық, зардап шеккендер жоқ дейді. Бірақ зауытқа губернатордың орынбасары Владимир Разумков аттанып кеткені хабарланды.

Ставропольск аймағындағы Будённовск қаласындағы "Ставролен" химия зауыты да шабуылға ұшырады. Мұнда полиэтилен, полипропилен, тағы басқа химикаттар шығарылады.

Ресей қорғаныс министрлігі 29 қазанға қараған түні Украинаның жүз дронын қағып түсіргенін, алты дрон Мәскеу облысында құлатылғанын айтады. Қанша дрон құлатылмай қалғаны хабарланбады.

Ресейдің ядролық сынағы, Трамптың ескертуі, Киевте қираған үйлер
please wait

No media source currently available

0:00 0:09:10 0:00
XS
SM
MD
LG