Accessibility links

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін тағайындады


Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов.

Дүйсенбі, 20 қазан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Ілиясовты Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі етіп тағайындады. Ол осы күнге дейін Ұлыбританиядағы елшісі болған.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 51 жастағы Алматы қаласының тумасы Ілиясов – Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің және Гарвард университеті Дж. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің түлегі.

Ол дипломатиялық қызметін 1996 жылы бастаған. 2013-2016 жылдары Қазақстан президентінің кеңесшісі, 2016-2020 жылы елдің Нидерландтағы елшісі, 2020-2022 жылдары Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған. 2022 жылдан бастап Қазақстанның Ұлыбританиядағы, Ирландиядағы және Исландиядағы елшісі қызметін атқарған. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Тоқаев кейінгі төрт жылда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болған Ержан Ашықбаевты қыркүйекте қызметінен алып, көп ұзамай оны сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары етіп тағайындады.

XS
SM
MD
LG