Accessibility links

Швецияда экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері аталды


Джоэль Мокир, Филипп Агьон және Питер Хауит
Джоэль Мокир, Филипп Агьон және Питер Хауит

Бүгін, 13 қазан күні экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері аталды. Бұл сыйлық Нобель апталығының аяғында Швециядағы ғылым академиясында табысталады.

Биыл сыйлықты үш зерттеушіге берді. Олар: Джоэль Мокир, Филипп Агьон және Питер Хауит.

Агьон мен Хауит сыйлықты ескіні алмастыратын жаңа инновациялар арқылы экономикалық өсу теориясы үшін, Мокир "технологиялық прогресс арқылы жасалатын тұрақты экономикалық өсімнің алғышарттарын" ашқаны үшін алып отыр.

Ұйымдастыру алқасының сөзінше, зерттеушілердің бұл еңбектері кейінгі 200 жылдағы қарқынды экономикалық өсімнің себептерін түсіндіріп, бұл өсімді ұстап тұру механизмдерін, инновацияның жаншудың экономикалық өсуге қалай қауіп төндіретінін көрсеткен.

Мокир тарихи сараптама арқылы кейінгі екі ғасырда экономикалық өсім қалай тұрақты құбылысқа айналғанын түсіндірген. Оның сөзінше, ғылыми жаңалықтар мен технологиялық инновациялар бір-бірін күшейтіп, дамытып отырады. Ол сондай-ақ қоғамның жаңа идеялар мен өзгерістерге ашық болғаны маңызды деп атап өткен.

Агьон мен Хауит 1992 жылы "творчестволық қирату" (creative destruction) процесін сипаттайтын математикалық модельді құрастырған. "Творчестволық қирату" деп жаңа әрі үздік өнімдер ескі өнімдерді алмастыратын процесті айтады. Ғалымдардың моделі көрсеткендей, компаниялар бәсеке мен инновациялар арқасында өнімдері мен технологиясын жаңартып, экономиканың өсуіне жол ашады. Осы процесс барысында олар ескі компаниялардың жойылуына, олардың орнына жаңа компаниялардың пайда болуына ықпал етеді.

XS
SM
MD
LG