Accessibility links

Зеленский бүкіл әлемді Ресейдің басқыншылығын айыптауға шақырды


Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас ассамблеясында. 24 қыркүйек 2025 жыл.
Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас ассамблеясында. 24 қыркүйек 2025 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөзінде әлем елдерін Украинадағы және басқа да соғыстарды бірге тоқтатуға шақырды.

"Әлемнің көбі жайбарақат, соғыстың оларға қатысы жоқ сияқты. Бірақ қараңыздаршы, Бас ассамблеядары көп елде қазір соғыс болып жатыр, соғысты енді ғана аяқтағандар, соғысты тоқтатуға тырысып жатқандар, тіпті жаңа соғысқа дайындалып жатқандар да бар. Қазір соғыстың бізге қатысы жоқ деп шетте отыра беретіндей емес, себебі соғыс көпті шарпып жатыр" деді ол.

"Бүгінде бәрі бізге байланысты. Бейбітшілікке көмектесеміз бе әлде Ресеймен сауда-саттық жасап, бұл соғысты қаржыландыру да бізге байланысты. Әскери тұтқындар босауы, ұрланған балалардың үйіне оралуы, кепілге алынғандардың жіберілуі – бәрі бізге байланысты. Біздің болашағымызды не анықтайды? Қазір осы соғыс анықтап жатыр. Негізі болашағымызды барлығымыздың батыл қадамдарымыз шешуі тиіс" дейді Зеленский.

Украина басшысы Ресейдің басқыншылық соғысында Киевке көмек көрсеткендерге де алғыс айтты.

"Кеше президент Трамппен мазмұнды кездесу болды, басқа да ықпалды лидерлермен кездестім. Барлығымыз көп жайтты өзгерте аламыз. Біз Еуропа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Әрине АҚШ-қа арқа сүйейміз. Бізге көрсеткен қолдауды жоғары бағалаймын. Көп жайт G7 және G20-дп шешіледі, бірақ әлемнің тағдыры барлығымызға, БҰҰ-ға байланысты. Сондықтан Ресей мына соғысты созып жатқанда үнсіз қалмаңыздар. Ашық айтып, агрессияны айыптаңыздар" деді Зеленский.

XS
SM
MD
LG