Футболдан Алматының "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчында "Спортинг" (Португалия) командасынан 4:1 есебімен жеңілді.
Лиссабонда өткен ойында 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза 21-минутта Мортен Юльманның пенальтиін қайтарған. Бірақ 44-минутта "Спортингтың" португалиялық ойыншысы Тринсао есеп ашып кетті. Екінші таймда, 65-минутта Тринсао "Қайрат" қақпасына екінші голын салды.
Ал 67 және 68-минутта "Спортингтің" бразилиялық Алиссон Сантос пен португалиялық ойыншысы Джовани Кенда есепті 4:0-ге жеткізді.
Ойын соңына таман, 86-минутта "Қайраттың" бразилиялық футболшысы Эдминсон Сантос бір гол салып, есепті қысқартты.
Енді "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы келесі ойынына 30 қыркүйекте Испанияның "Реал Мадрид" клубына қарсы өткізеді. Алматылық клубтың қалған ойындарының кестесі мынандай:
18 қыркүйек – "Спортинг" – "Қайрат" 4:1
30 қыркүйек – "Қайрат" – "Реал" (өз алаңында)
21 қазан – "Қайрат" – "Пафос" (өз алаңында)
5 қараша – "Интер" – "Қайрат" (сырт алаңда)
26 қараша – "Копенгаген" – "Қайрат" (сырт алаңда)
9 желтоқсан – "Қайрат" – "Олимпиакос" (өз алаңында)
20 қаңтар – "Қайрат" – "Брюгге" (өз алаңында)
28 қаңтар – "Арсенал" – "Қайрат" (сырт алаңда).