АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа келгенде "жерге қаратты" деп мәлімдеді.
"АҚШ жеті соғысты реттеді. Мен Путинмен қарым-қатынасымды ескеріп, [Ресей-Украина соғысы] ең оңайы болады деп ойлаған едім. Ол мені жерге қаратты, шынымен жерге қаратты" деді Трамп 18 қыркүйекте Лондонда Британия премьері Кир Стармермен өткізген баспасөз мәслихатында.
Бұған қоса, Трамп Украинадағы қақтығыс үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласпайды дейді. Ал Путинмен Аляскадағы кездесуін "қателік" деп санамайды.
Трамп мұнайдың бағасын түсінсе, Путин соғысты тоқтатады деп санайды. Бұдан бөлек, АҚШ президенті жақын күндері Украинадағы соғысқа қатысты жақсы жаңалық болып қалады деп мәлімдеді.
АҚШ президенті 16 қыркүйекте Лондонға мемлекеттік сапармен келіп, Британия патшасы ІІІ Чарльзбен және премьер Стармермен кездесті.