Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды. Бұл туралы 18 қыркүйекте Ақорда хабарлады.
Инновациялық қызмет саласындағы функциялар ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.
Тоқаев жасанды интеллект министрлігін құру жайлы биылғы жолдауында айтқан еді. Жолдаудың негізгі тақырыбы "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" деп аталған еді.
Қазір елде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі - Жаслан Мәдиев. Жаңа министрлікті кім басқаратыны жарияланбады.