Accessibility links

Тәліптер "әдепсіздікке жол бермес" үшін елдің солтүстігінде интернетті өшірді


Ауғанстан билігіндегі "Талибан" діни радикалдық қозғалысы "әдепсіздікпен күрес" шаралары аясында елдің солтүстігінде оптика-талшықтық интернетті өшірді.

Associated Press жазуынша, мәселе Балх провинциясындағы интернетті өшіру жөнінде болып отыр. Дегенмен Reuters жазуынша, кабельді интернет елдің солтүстігіндегі бес аймақта да жоқ: Балх, Құндыз, Бадахшан, Бағлан және Тахар.

"Мұндай шара әдепсіздікке жол бермес үшін қабылданып отыр, елде қажеттілікті қанағаттандырудың баламасы пайда болады" деді ауған үкіметінің өкілі журналистерге.

Бұған дейін тәліптер интернетте ауған азаматтары порнография көріп, әйелдермен әзілдесетінін айтқан. Бұл жөнінде Reuters жазды.

Аталған аумақта мобильді интернет әлі де бар, бірақ кейбір жергілікті тұрғындардың сөзінше, ол баяу істейді және бағасы да қымбат.

Associated Press дерегінше, ауған билігі кей кезде елде мобильді интернетті уақытша өшіріп тастайды, мұндай жайт әсіресе діни мерекелер кезінде жиі кездеседі.

2021 жылы тамызда тәліптер Ауғанстан аумағын тұтас бақылауға алып, ел астанасы Кабулды соғыссыз алған. Батыс елдері "Талибанды" Ауғанстанның заңды үкіметі деп мойындамайды.

XS
SM
MD
LG