Accessibility links

БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетін "геноцид" деп таныды


Газадан қашып бара жатқан халық. 15 қыркүйек 2025 жыл.
Газадан қашып бара жатқан халық. 15 қыркүйек 2025 жыл.

Біріккен ұлттар ұйымының комиссиясы тәуелсіз зерттеу жүргізіп, Израиль Газа секторында палестиналықтарға қарсы геноцид жасап жатыр деген шешімге келді. Бұл туралы комиссияның есебінде айтылады.

Комиссия Израиль Газа секторында Геноцид туралы конвенцияда геноцид әрекеттері деп көрсетілген бес әрекеттің төртеуін жасады деп санайды. БҰҰ-ның тобы анықтаған әрекеттер: палестиналықтарды өлтіру, оларға физикалық және психикалық жапа шектіру, адамдарды толық я жартылай жойып жіберуге әрекет жасау және бала тууды тоқтатуға әрекеттер жасау.

Америкалық Sky News арнасы "БҰҰ-ның органдары мұндай айыптауды бірінші рет ашық жариялағанын" атап өткен.

Израиль сыртқы істер министрлігі комиссияның құжатын "ХАМАС-тың өтірігіне құрылған фейк есеп" деп атады.

"Израиль бұрмаланған әлі жалған есепті жоққы шығарып, тергеу жүргізген комиссияны таратуға шақырады" деді елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

2023 жылы ОАР елі Израильді геноцидке айыптап, БҰҰ-ның Халықаралық сотына шағымданған. Бірақ бұл іс бойынша шешім бірнеше жылдан кейін шығуы мүмкін.

Тамызда БҰҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бөлімі Газаны аштық жайлағанын алғаш рет растаған. Ұйым Газа жарты миллионнан аса адам қазір "аштықпен, кедейлікпен және өліммен бетпе-бет келді" деп мәлімдеді. Ал БҰҰ басшысы Антонио Гутерреш Газадағы жағдайды "адамның қолымен жасалған апат және адамдықтан аттау" деген еді. Израиль бұл мәлімдемені де "ХАМАС-тың өтірігіне құралған" есеп деген.

Газа секторын бақылап отырған ХАМАС ұйымын АҚШ, ЕО және Израиль террорлық ұйым деп таныған.

XS
SM
MD
LG