Accessibility links

БҰҰ Адам құқықтары комитеті Қаңтар құрбанының қазасы бойынша істі қабылдады

Қаңтарда Ақтөбеде қаза тапқан Русланбек Жұбаназаров (архив фотосы)

Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары комитеті Қаңтар құрбаны Русланбек Жұбаназаровтың қазасы бойынша қазақстандық құқық қорғаушылар шағымын қабылдады. Бұл жөнінде "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымының заңгері Амангелді Шорманбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, 2022 жылғы қаңтарда Ақтөбеде өлтірілген Жұбаназаровтың өмір сүру құқығы, сотта қорғану құқығы бұзылған. "Күштік орган қызметкерлері Қаңтар оқиғасы кезінде жан-жаққа оқ атып, қарусыз адамды өлтірген. Қылмыстық іс [қылмыс құрамы] болмағандықтан тоқтатылды, кейін біз араласқан соң тіпті құпия қылып тастады" деп жазды Шорманбаев.

Олар бұл іс бойынша Қазақстанның Конституциялық сотына да арыз берген, бірақ сот істі қараудан бас тартқан. Шорманбаев БҰҰ Адам құқықтары комитетінің шағымды қабылдауын "өте маңызды іс" деп атады.

Істің БҰҰ деңгейіне жетуіне қатысты марқұм Жұбаназаровтың қарындасы да пікір білдірді.

"Біз күресті тоқтатқан емеспіз. Тоқтатпаймыз да. Өйткені ағам жазықсыз оққа ұшты. БҰҰ-ның біздің арызымды қабылдауы өшуге жақындаған үміт отын қайта жаққандай болды" деді Жайнагүл Бүркітқызы Азаттыққа.

Русланбек Жұбаназаров – 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбеде қаза тапқан екі азаматтың бірі.

Жұбаназаров билік демонстранттарды күштеп таратқан 2022 жылғы 7 қаңтар күні таң алдында оққа ұшса, Файзулла Нұргелдин алаңда алған жарақатынан оңала алмай, екі айдан соң қайтыс болған.

2022 жылғы 2 қаңтарда Жаңаөзенде сұйылтылған газ бағасының қымбаттағанына қарсылықты Ақтөбе халқы да қолдаған. Олар облыстық әкімдік алдына барып, қымбатшылыққа қарсылық білдірген. Наразылар әкімдікке басып кірмек болған. Полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылының тұрғыны 30 жастағы Русланбек Жұбаназаровты алғашында билік "террорист" деп айыптап, траншеяға көмбек болған. Оның сүйегі туыстарына шамамен бір ай уақыттан кейін, 2022 жылғы 8 ақпанда берілген. Туыстары оны 9 ақпан күні туған жерінде жерлеген.

Ақтөбе прокуратурасы Жұбаназаровтың әке-шешесін 1,5 жылдан кейін ғана жәбірленуші деп таныған. Іс екі рет ашылып, қайта жабылған.

2023 жылғы шілдеде Қазақстан Конституциялық соты Русланбек Жұбаназаровтың ісі бойынша құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаевтың шағымын талапқа сай емес деп кері қайтарған. Шорманбаев шағымда "Жұбаназаров ісінің құпия деп танылуы, жәбірленуші тараптың іс материалдарымен таныса алмауы – жәбірленуші тараптың конституциялық құқықтарын бұзып отырғанын" жазған. Бұған қоса, құқық қорғаушы тергеу мен прокуратура Мемлекеттік құпиялар туралы заң мен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сүйеніп, кісі өлімін зерттемей отырғанына да шағымданған.

Ақтөбе: 4-6 қаңтардағы оқиғалар

Ақтөбедегі орталық алаңға билікке талабын айтуға жиналған адамдар. 6 қаңтар 2022 ж.
1/41 Ақтөбедегі орталық алаңға билікке талабын айтуға жиналған адамдар. 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Жаппай наразылық акциясына шыққан адамдар билікке талабын айтып тұр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
2/41 Жаппай наразылық акциясына шыққан адамдар билікке талабын айтып тұр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Әкімдік ғимараты алдында тұрған полиция жасағы. 5 қаңтар 2022 ж.
3/41 Әкімдік ғимараты алдында тұрған полиция жасағы. 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбе әкімдігі алдында тұрған полиция мен демонстранттар. 5 қаңтар 2022 ж.
4/41 Ақтөбе әкімдігі алдында тұрған полиция мен демонстранттар. 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Әкімдік ғимараты алдында тұрған полиция жасағы мен демонстрант. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
5/41 Әкімдік ғимараты алдында тұрған полиция жасағы мен демонстрант. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Суықта алаң шетінде от жағып жылынып тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
6/41 Суықта алаң шетінде от жағып жылынып тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Алаңда тұрған жұрт жылынсын деп от жағу үшін әкелген отынды түсіріп жатқан адамдар. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
7/41 Алаңда тұрған жұрт жылынсын деп от жағу үшін әкелген отынды түсіріп жатқан адамдар. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Қазақстан туын жамылған демонстрант. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
8/41 Қазақстан туын жамылған демонстрант. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Еріктілер орталық алаңдағы қоқысты жинап жүр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
9/41 Еріктілер орталық алаңдағы қоқысты жинап жүр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Әкімдік ғимаратына демонстранттарды өткізбей тұрған полиция күштері. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
10/41 Әкімдік ғимаратына демонстранттарды өткізбей тұрған полиция күштері. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан сәт. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
11/41 Күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан сәт. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Әкімдік ғимараты алдында тұрған күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атты. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
12/41 Әкімдік ғимараты алдында тұрған күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атты. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Демонстранттар полиция күштеріне тас лақтырып жатыр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
13/41 Демонстранттар полиция күштеріне тас лақтырып жатыр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Күштік құрылым қызметкерлері демонстранттарды атқан резеңке оқты көрсетіп тұрған адам. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
14/41 Күштік құрылым қызметкерлері демонстранттарды атқан резеңке оқты көрсетіп тұрған адам. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Күштік құрылымдар өкілдері әкімдік ғимараты алдында тұр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
15/41 Күштік құрылымдар өкілдері әкімдік ғимараты алдында тұр. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбедегі наразылық кезінде күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан сәт. 5 қаңтар 2022 ж.
16/41 Ақтөбедегі наразылық кезінде күштік құрылымдар демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атқан сәт. 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Полиция мен демонстранттар қақтығысынан соң алаңда шашылып жатқан CONDOR NON-LETHAL TECHNOLOGIES қалдықтары. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
17/41 Полиция мен демонстранттар қақтығысынан соң алаңда шашылып жатқан CONDOR NON-LETHAL TECHNOLOGIES қалдықтары. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Билікке талап айтып, бейбіт акцияда тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
18/41 Билікке талап айтып, бейбіт акцияда тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбе облыстық әкімдігі алдына билікке талабын айтып, бейбіт митингіге жиналған адамдар. 6 қаңтар 2022 ж.
19/41 Ақтөбе облыстық әкімдігі алдына билікке талабын айтып, бейбіт митингіге жиналған адамдар. 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров наразылық акциясына қатысушылар алдында сөйлеп тұр. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
20/41 Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров наразылық акциясына қатысушылар алдында сөйлеп тұр. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Билікке талап айтып, бейбіт акцияда тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
21/41 Билікке талап айтып, бейбіт акцияда тұрған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін орталық алаңда шашылып жатқан заттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
22/41 Демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін орталық алаңда шашылып жатқан заттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Орталық алаңда шашылып жатқан заттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
23/41 Орталық алаңда шашылып жатқан заттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбедегі наразылық акциясы кезінде күштік құрылымдар демонстранттарға қарсы ANTI-RIOT CARTRIDGES PKK-12 маркалы резеңке оқ қолданған.
24/41 Ақтөбедегі наразылық акциясы кезінде күштік құрылымдар демонстранттарға қарсы ANTI-RIOT CARTRIDGES PKK-12 маркалы резеңке оқ қолданған.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбедегі бейбіт наразылық акциясы өтіп жатқан алаңды тазалап жүрген еріктілер. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
25/41 Ақтөбедегі бейбіт наразылық акциясы өтіп жатқан алаңды тазалап жүрген еріктілер. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Суық күні алаңда от жағып жылынып отырған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
26/41 Суық күні алаңда от жағып жылынып отырған демонстранттар. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбедегі орталық алаң, 6 қаңтар 2022 ж.
27/41 Ақтөбедегі орталық алаң, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Орталық алаңның шетінде жатқан тас. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
28/41 Орталық алаңның шетінде жатқан тас. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Наразылық акциясы өтіп жатқан алаңды тазалап жүрген адам. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
29/41 Наразылық акциясы өтіп жатқан алаңды тазалап жүрген адам. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Наразылық акциясы екі күн қатарынан жалғасып жатқан орталық алаңға тігілген киіз үй. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
30/41 Наразылық акциясы екі күн қатарынан жалғасып жатқан орталық алаңға тігілген киіз үй. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Орталық алаңға тігілген киіз үйде демонстранттарға ас әзірлеп жүрген әйелдер. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
31/41 Орталық алаңға тігілген киіз үйде демонстранттарға ас әзірлеп жүрген әйелдер. Ақтөбе, 6 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Полиция 7 қаңтарда таңғы сағат 4:30 шамасында Ақтөбенің орталық алаңында арнайы операция өткізіп, наразылық акциясында тұрған 200-ге жуық демонстрантты алып кеткен.
32/41 Полиция 7 қаңтарда таңғы сағат 4:30 шамасында Ақтөбенің орталық алаңында арнайы операция өткізіп, наразылық акциясында тұрған 200-ге жуық демонстрантты алып кеткен.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Облыс әкімдігіне кіреберісте тұрған қарулы күзет. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
33/41 Облыс әкімдігіне кіреберісте тұрған қарулы күзет. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбедегі облыс әкімдігі ғимаратындағы бүлінген кабинеттердің бірінде төрде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілулі тұр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
34/41 Ақтөбедегі облыс әкімдігі ғимаратындағы бүлінген кабинеттердің бірінде төрде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілулі тұр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Әкімдік дәлізінің көрінісі. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
35/41 Әкімдік дәлізінің көрінісі. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Наразылық тарағаннан кейін. Ақтөбе облысы әкімдігіндегі кабинеттердің бірі. 7 қаңтар 2022 ж.
36/41 Наразылық тарағаннан кейін. Ақтөбе облысы әкімдігіндегі кабинеттердің бірі. 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Наразылық акциясынан кейін. Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде криминалистер саусақ ізін алып жатыр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
37/41 Наразылық акциясынан кейін. Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде криминалистер саусақ ізін алып жатыр. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде саусақ ізін алып жатқан криминалист мамандар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
38/41 Әкімдіктегі кабинеттердің бірінде саусақ ізін алып жатқан криминалист мамандар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Наразылар алаңға тіккен киіз үйді жинап, орнын тазалап жатқан жұмысшылар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
39/41 Наразылар алаңға тіккен киіз үйді жинап, орнын тазалап жатқан жұмысшылар. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Арнайы операция аяқталған соң жұма, 7 қаңтар күні күндізгі уақытта да полиция әкімдік маңынан бірнеше адамды ұстады. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
40/41 Арнайы операция аяқталған соң жұма, 7 қаңтар күні күндізгі уақытта да полиция әкімдік маңынан бірнеше адамды ұстады. Ақтөбе, 7 қаңтар 2022 ж.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ақтөбедегі наразылық барысында зардап шеккен 36 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Бір демонстрант реанимацияға түскен.
41/41 Ақтөбедегі наразылық барысында зардап шеккен 36 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Бір демонстрант реанимацияға түскен.
Ақтөбедегі қымбатшылыққа қарсы наразылық 3 қаңтарда басталып, 7 қаңтарда таңсәріде аяқталды. Азаттық осы оқиғалардан түсірілген суреттерді ұсынады.
Previous slide
Next slide
Айдар
XS
SM
MD
LG