Accessibility links

Израиль Ирандағы әскери нысандарға соққы жасады


Тегеран, 26 қазан 2024 жыл.
Тегеран, 26 қазан 2024 жыл.

26 қазанда таңертең Израиль Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады.

Израиль әскерінің хабарлауынша, бұл Иран мен одақтастарының Израильге жасаған соққысына жауап.

"Біз Ирандағы әскери нысандарға мақсатты түрде нақты соққы жасадық және Израиль мемлекетіне тіке қатердің алдын алдық" деп хабарлады соққы аяқталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари.

ЦАХАЛ-дың ақпаратынша, Израиль ұшақтары бұған дейін Израильді атқылаған ракета шығаратын өндіріс орындарына шабуылдаған, сонымен бірге "жер-әуе" классына жататын ракета кешендері мен өзге де нысандарды атқылаған.

"Егер Иран тағы соққы жасаса, Израиль қол қусырып отырмайды" деді Хагари. Ирандық жекеменшік Tasnim ақпарат агенттігі дереккөздерге сүйене отырып Иран Израильдің кез келген агрессиясына жауап беруге дайын деп жазды.

Иранның әуе қорғаныс күштері Израильдің Тегеран, Хузестан және Илам провинцияларындағы әскери нысандарды соққылағанын растады. Кейбірі бүлінген, шығын көлемі қазір есептеліп жатыр деп жазды Tasnim агенттігі. Әлеуметтік желідегі хабарламаларға қарағанда, жарылыс дүмпуі Исфахан, Хорасан-Резави жәге Күрдістан аумағында естілген.

Сирияның мемлекеттік SANA агенттігінің жазуынша, Сирия да соққыға ұшыраған. Әуе қорғаныс жүйесі Сирияның оңтүстік және орталық аудандарында бірнеше ракетаны атып түсірген. Израиль Сирияға соққы жөнінде хабарламады, алайда бірнеше жылдан бері сондағы Иранға қатысы бар нысандарға соққы жасап келеді.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, Израиль соққы жасайтынын АҚШ-ға айтқан. АҚШ Иранды Израиль соққысына жауап бермеуге үндеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG