Accessibility links

Ресей дрондары Одесса облысын тағы атқылады


Дрон шабуылдаған Одесса облысындағы нысандардың бірі.
Дрон шабуылдаған Одесса облысындағы нысандардың бірі.

25 шілдеге қараған түні Ресей әскері Украинаны 38 дронмен атқылады, Киев, Одесса, Херсон, Николаев, Сумы, Житомир, Черкасск облыстарында 25-і атып түсірілді деп хабарлады Украинаның әуе күштері

Киев қалалық әкімшілігінің хабарлауынша, барлық дрон қалаға кіреберісте құлатылған.

Одесса облысының оңтүстігіндегі инфрақұрылым нысандары осымен екінші түн атқыланып отыр. Облыстық әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Кипердің айтуынша, Румыниямен шекарадағы Измаил ауданына жасалған дрон шабуылының нәтижесінде әкімшілік ғимарат жартылай қирап, өрт басталған. Дрон бөлшектері жеке үйге құлап, екі адам зардап шекті деп жазды Олег Кипер Telegram-да.

Осыған дейін Украина билігі Одесса облысының Измаил қаласындағы порт инфрақұрылымдарына жаппай соққы жасалғанын хабарлаған.

Украина билігінің айтуынша, үш ресейлік дрон Румыния шекарасынан өткеннен кейін жоғалған. Румыния билігі дрон түскенін хабарламады.

Бір күн бұрын Ресей әскері Измаилді соққылағаннан кейін Румыния әскері оқиға орнына екі F-16 жойғыш ұшағын жіберген.

XS
SM
MD
LG