Accessibility links

Киевте белсенді Айдос Садықовқа қастандық жасалғаны хабарланды


Айдос Садықов Азаттықтың Киевтегі кеңсесінде.
Айдос Садықов Азаттықтың Киевтегі кеңсесінде.

Киевте қазақстандық белсенді Айдос Садықовқа белгісіз біреу қастандық жасағаны хабарланды. Бұл туралы оның әйелі, журналист Наталья Садықова Facebook-тегі парақшасында жазған. Артынша "РБК—Украина" сайтын елдің ұлттық полициясына сүйеніп, ақпарат таратты.

Садықованың жазуынша, оқиға олардың үйінің маңында болған. Ал "РБК-Украина" сайты полицияның ақпаратына сүйеніп, оқиға Киевтегі Шевченко ауданында болғанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, Киевте белгісіз адам тұраққа қойылған автокөліктің жүргізушісіне оқ атқан, қазір полиция шабуылдаған адамды іздестіріп жатыр. Кейін "РБК-Украина" сайты зардап шеккен адам қазақстандық журналист Айдос Сыдықов екенін, оқиға орнында барлық қызмет жұмыс істеп жатқанын жазды.

Айдос Садықов 2010 жылға дейін сол кездегі "Азат" жалпы-ұлттық социал демократиялық партиясының Ақтөбе филиалының жетекшісі болды. Сол жылы ол бұл партиядан кетіп, "Гастат" аталатын қоғамдық қозғалыс құрды. Ол қозғалыс қытайлық "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясында тәуелсіз кәсіподақтардың құрылуына мұрындық болды. Садықов мұнайшылар құқығының бұзылмауын талап еткен акциялар өткізіп көзге түскен.

Кейін Садықов та елден кетіп, әйелі Наталья Садықова екеуі Киевте тұрған. Олар 2014 жылы "Бәсе" деп аталатын Youtube канал ашып, билікті сынайтын, биліктегілердің жемқорлыққа қатысы бары туралы видеолар жариялай бастаған.

Қазақстан ерлі-зайыпты Наталья және Айдос Садықовтарға іздеу жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG