Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" (детская травма) мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.
Эпизодта талқыланған негізгі мәселелер:
Бала кезде алған жан жарасы (психотравма) деген не?
Бала кезде алған жан жарасы өмір сүруге қалай әсер етеді?
Балаға жан жараны кім салады?
Бала кезде алған жан жарасы ересек өмірге қалай әсер етеді?
Баланы ұру қаншалықты қауіпті?
Ата-ананың ұрсысуы, ажырасуы баланың жанын қалай жаралайды?
Ұл балаға "жылама, жылауға болмайды" деп шектеу өміріне қалай әсер етеді?
Бала кезде алған жан жарасын қалай емдеуге болады? Травманы емдеген соң өмір өзгере ме?
Бала кезде алған жан жарасы отбасын құруға қалай әсер етеді?
Шететілген травмасы, тастанды травмасы, қорлау травмасы, сатқындық трамасы, әділетсіздік травмасы деген не?
Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.