Концертке Чехия, Мексика, Дания, АҚШ және өзге елдерден жанкүйерлер жиналды.
"Өнерін тамашалау үшін Қазақстанға келдік". 30 мың көрермен қатысқан Димаштың Алматыдағы концерті қалай өтті?

1
Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концерті. 23 қыркүйек 2022 жыл.

2
Димаштың Алматыдағы концертіне Қазақстанның өзге өңірлерін айтпағанда әлемнің көптеген елінен жанкүйерлер жиналды. 30 мың адамды сыйдырту үшін концерт орталық стадионда өтті.

3
Стадион сыртына концерт баннері мен Димаштың картоннан жасалған суреті қойылды. Концерт басталмай тұрып жұрт сол жерге барып, суретке түсіп жатты. Бірнеше баннердің маңында ондаған адамнан құралған кезек пайда болды.

4
Димаштың "картон сұлбасының" жанында суретке түсіп жатқан әйел.

5
Стадионға кіреберісте күзетшілер әрбір көрерменді мұқият тексеріп, кіргізіп жатты. Көп кешікпей бұл жерде концертке алып кіруге болмайтын пластик бөтелкеден құралған қалдықтар үйіліп қалды.

6
Стадионда полицейлер мен арнайы жасақ өкілдері көп болды. Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғали Заппаров концертте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2,5 мың қызметкер жұмылдырылады деп мәлімдеген.

7
Стадион алдында қаз-қатар тұрған полиция КамАЗ-дары. Жұрт Димаштың картоннан жасалған сұлбасымен қатар полиция көліктерінің жанында да суретке түсіп жатты.

8
Стадион маңында өрт сөндіруші көліктер де байқалды.

9
Словакия және Чехиядан келген Димаштың жанкүйерлері. "Оның өнерін тамашалау үшін Қазақстанға келдік" деді олар.
"Қазақстанда Димаштың концерті өтетінін естігеннен кейін бірден билет сатып алдық. Ал оның Еуропадағы бірде-бір концертін жіберген жоқпыз" деді жанкүйерлер.
"Қазақстанда Димаштың концерті өтетінін естігеннен кейін бірден билет сатып алдық. Ал оның Еуропадағы бірде-бір концертін жіберген жоқпыз" деді жанкүйерлер.

10
Димаш концертіне жиналған көрермендер. Концерттің уақытында басталуына кейбір қазақстандық көрермендер таңғалды, көбі кешкі сағат 9-ға қарай келген еді.

11
Әнші өнерін биноклмен тамашалап тұрған көрермендер.

12
Димаш концертін стадион конструкцясының төбесінен – тоғыз қабаттық үйдің биіктігіндей жерден бастады.

13
Әнші конструкциядан қауіпсіздік арқанның көмегімен түсті.

14
Димаш Құдайбергеннің сахнаға түскен сәті.

15
Димаш Құдайберген.

16
Димаштың сахнада пайда болу мәнері бір сәт Майкл Джексонды еске салды. Әнші жұрт алдына көзтартарлық қимылмен, ашық түсті киімдермен шықты.

17
Концертте өнер көрсеткен бишілердің бірі.

18
Димаш қазақстандық көрермендермен – қазақша, шетелден келген жанкүйерлерімен ағылшынша тілдесті. Ол туған елі Қазақстанда өнер көрсетуге бақытты екенін жеткізді.

19
Желіде интернет қолданушылар Димаштың дауысы стадион маңы ғана емес, одан алшақ жатқан аудандарға естіліп жатқанын, дауысы "аспанды жарды" деп жазды.