Accessibility links

Италия Альпісінде мұздық опырылып, 7 адам өлген, 15 адам жоғалған


Мармолада мұздығының опырылған тұсы. 4 шілде 2022 жыл
Мармолада мұздығының опырылған тұсы. 4 шілде 2022 жыл

Италияның Альпісінде ірі мұздық опырылып түскен. Кемі 7 адам қаза болып, 15 адам хабарсыз кеткен. Сегіз адам жараланған, екеуінің жағдайы ауыр. Апат орнында іздестіру, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Өлгендер мен жараланғандар арасында әртүрлі елдерден келген туристер бар.

Жергілікті құтқару қызметінің өкілі Вальтер Милан "трагедияның тікелей себебін әлі де анықтау керек, дегенмен мұздық Италияда кейінгі кездері болған айрықша ыстықтан еріп, ыдырай бастаған болуы мүмкін" деген пікір айтқан. Оның сөзіне қарағанда, әдетте қар мен мұз ерімейтін үш шақырым биікте кейінгі күндері Цельсий бойынша +10 градус шамасында болған.

Апат орнына келген Италияның премьер-министрі Марио Драги кейінгі жылдары Еуропада климат өзгерісі қаттырақ біліне бастағанын айтқан.

"Бүкіл Италия қайғырып отыр. Бәлкім, біз күтпеген фактор да пайда болуы мүмкін, бірақ ең басты себеп – климат өзгерісі мен экологиялық жағдайдың нашарлауы екенін анық", - деді ол.

Мармолада деп аталатын мұздық өзімен аттас таудың беткейінде, 3300 биікте тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG