Accessibility links

Назарбаевтың "күйеу балалары" Шәріпбаев пен Досанов қызметінен кетті


Қайрат Шәріпбаев.
Қайрат Шәріпбаев.

QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметтен кетті. 15 қаңтарда "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты.

Қайрат Шәріпбаевты ақпарат құралдары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі деп атайды. Димаш Досанов - Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.

"Самұрық-Қазына" қорының сайтында екеуінің де 14 қаңтарда түсірілген "өтінішке орай" директорлар кеңесінің шешімімен қызметінен босатылғаны жазылған.

Қарай отырыңыз: Назарбаевтың "күйеу баласы" Қайрат Шәріпбаев кім? (Зерттеу жөнінде толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз).

Назарбаевтың "күйеу баласы" Қайрат Шәріпбаев кім?
please wait

No media source currently available

0:00 0:11:50 0:00

Елде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейіп, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі "әлсіреді" деген болжам кеңінен тарай бастаған шақта Назарбаев пен жақындарының көрінбей кеткені жайлы ақпараттар жиілеген. Кейінгі кезде жоғарғы билікте отырған Назарбаевтың туыстарының көбі "демалыста" немесе "денсаулығына байланысты жұмысына келмегені" жайлы ақпараттар жиі шыға бастаған.

Экс-президенттің үлкен қызы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева парламенттің бірнеше отырысына қатыспаған. Көмекшілері оның коронавируспен ауырып жатқанын хабарлады.

Бұған дейін ақпарат құралдары экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың қазақ-қырғыз шекарасынан өткені, Манас әуежайы арқылы Дубайға ұшып кеткенін жазған. Бірақ туыс-жақындары да, Қазақстан билігі де бұл ақпаратты растаған да, терістеген де жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жұрт алдына 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бері шықпаған. Әдетте елдегі маңызды мәселелерге пікірін айтып отыратын Назарбаев қаңтардағы оқиғаға байланысты пікірін білдірген жоқ. Осыған дейін бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстаннан кетпегенін, астанада екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG