Accessibility links

Тәжікстанның бұрынғы оппозиция өкілдері отанына оралып жатыр


Оппозициялық "Группа 24" тобының бұрынғы мүшесі Файзулложон Сафаровтың Душанбеге оралған кезі. Тәжікстан, 14 маусым 2018 жыл.
Оппозициялық "Группа 24" тобының бұрынғы мүшесі Файзулложон Сафаровтың Душанбеге оралған кезі. Тәжікстан, 14 маусым 2018 жыл.

Тәжікстанда тыйым салынған "Ислам қайта өрлеу" партиясы мен "Группа 24" тобының жүзге жуық бұрынғы мүшесі елге оралып жатыр деп хабарлады осы елдің ішкі істер министрлігі (ІІМ).

Елге оралғандардың дені 2015 жылдың қыркүйек айында генерал Абдухалим Назарзода жасаған бүліктен кейін Ресейге қашып кеткен.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі әзірлеген видеосюжетте елге оралғандар өздерінің "қателескендерін", бірақ заңға қайшы қылмыс жасамағандарын, сол себепті биліктің үндеуінен кейін үйіне қайтқандарын мәлімдейді.

Елге оралған "Группа 24" тобының бұрынғы жеті мүшесі қазір оппозициялық қозғалыспен ешқандай байланысы жоқ екенін ресми мәлімдеді. Олардың арасында соңғы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде тәжік билігін ашық сынап келген азаматтар да бар.

Сарапшылар бұрынғы оппозиционерлер шетелдегі өмірдің ауырлығынан, амалсыз отанына оралды деп топшылайды.

Тәжікстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының директоры ​Сайфулло Сафаров мемлекеттің қуғындағы оппозиционерлерге қатысты саясаты өзгермегенін айтады. Бірақ ол оппозицияның ешқандай қылмыс жасамаған бұрынғы мүшелер кез келген уақытта елге орала алатынын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG