Accessibility links

Қазақстанда Астананың 20 жылдығын тойлап жатыр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы туралы айтып тұр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы туралы айтып тұр.

Қазақстанда бүгін мемлекет астанасы – Астана қаласының 20 жылдығын тойлап жатыр. Мемлекеттік мейрам болып жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен "тура келеді".

Президент Назарбаевтың бастамасы бойынша, 1997 жылы мемлекет астанасы оңтүстік-шығыстағы Алматыдан елдің орталығындағы Ақмола (СССР кезінде - Целиноград) қаласына көшірілген. 1998 жылы Назарбаев жарлығымен қала атауы Астана болып өзгертілген.

2006 жылға дейін Астана күні жылда маусымныың 10-ы күні тойланатын, кейін оны шілденің 6-сына белгіледі. 2008 жылдан бастап Астана күні – мемлекеттік мейрам, демалыс күні болып бекітілді. Биылғы мереке қарсаңында аймақтар ескерткіш, велосипед жолы, балабақша, саябақты қайта жаңғырту тәрізді Астанаға сыйлықтар тарту етті. Ресми мәлімет бойынша, Астана күні мерекесіне биыл 18 миллиард 800 миллион теңге жұмсалған.

Боранды бекіністен - аяз қысқан астанаға дейін

Астанадағы президент сарайы - Ақорда.
1/18 Астанадағы президент сарайы - Ақорда.
Қазір Астана орналасқан Есіл өзенінің жағасында 1830 жылы Казак бекінісі салынған. 19 ғасырдың соңында бұл сауда қаласына айналып, үш христиан шіркеуі бой көтерді.

2/18 Қазір Астана орналасқан Есіл өзенінің жағасында 1830 жылы Казак бекінісі салынған. 19 ғасырдың соңында бұл сауда қаласына айналып, үш христиан шіркеуі бой көтерді.

Совет одағы кезінде (1979 жылғы сурет) Астана астық өндірісінің орталығы болды.

3/18 Совет одағы кезінде (1979 жылғы сурет) Астана астық өндірісінің орталығы болды.

Совет одағының Компартиясын басқарған Никита Хрущев Целиноград қаласы (қазіргі - Астана) маңындағы егіс алқабында жүр. 1964 жылғы сурет.
4/18 Совет одағының Компартиясын басқарған Никита Хрущев Целиноград қаласы (қазіргі - Астана) маңындағы егіс алқабында жүр. 1964 жылғы сурет.
Целиноград қаласының келбеті. 1984 жыл.
5/18 Целиноград қаласының келбеті. 1984 жыл.
1991 жылы Совет одағы құлаған соң Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті болып сайланды. Назарбаев жарлығымен 1992 жылы қала аты Ақмола деп өзгерді. Ал 1998 жылы Қазақстан астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Назарбаев қала атауын Астана деп ауыстырды.
6/18 1991 жылы Совет одағы құлаған соң Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті болып сайланды. Назарбаев жарлығымен 1992 жылы қала аты Ақмола деп өзгерді. Ал 1998 жылы Қазақстан астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Назарбаев қала атауын Астана деп ауыстырды.
Ақорда салынғанға дейін президент сарайы болған ғимарат. 1998 жыл.
7/18 Ақорда салынғанға дейін президент сарайы болған ғимарат. 1998 жыл.
Астанадағы құрылыстардың бірі. 1999 жылы Астана халқы 326 мың болса, қазір бұл қалада бір миллионнан астам адам тұрады.

8/18 Астанадағы құрылыстардың бірі. 1999 жылы Астана халқы 326 мың болса, қазір бұл қалада бір миллионнан астам адам тұрады.

Астананы көшіруге ресми себеп ретінде Алматыдағы (суретте) жер сілкінісі аталады. Бірақ кей сарапшылар "Назарбаев Астанаға көшу арқылы оппозицияны Алматыға тастап кетті" деген пікір айтады.

9/18 Астананы көшіруге ресми себеп ретінде Алматыдағы (суретте) жер сілкінісі аталады. Бірақ кей сарапшылар "Назарбаев Астанаға көшу арқылы оппозицияны Алматыға тастап кетті" деген пікір айтады.

Астанадағы Нұр-Астана мешіті. Астананы "Азияның Лас Вегасына" айналдыру үшін шетелдік архитекторлардың жобасымен көптеген жаңа ғимараттар салынды.
10/18 Астанадағы Нұр-Астана мешіті. Астананы "Азияның Лас Вегасына" айналдыру үшін шетелдік архитекторлардың жобасымен көптеген жаңа ғимараттар салынды.
Астанадағы Хан Шатыр ғимараты.
11/18 Астанадағы Хан Шатыр ғимараты.
Хан Шатырдың жоғарғы қабатында қолдан жасалған жағажай бар. Жағажайға Мальдив аралынан құм әкелген.

12/18 Хан Шатырдың жоғарғы қабатында қолдан жасалған жағажай бар. Жағажайға Мальдив аралынан құм әкелген.

Астананың символы саналатын - Бәйтерек.
13/18 Астананың символы саналатын - Бәйтерек.
2017 жылы Астанада өткен Expo көрмесінің ғимараты. Көрме кезінде америкалық Foreign Policy журналы "Қазақстан ажал жұлдызына бес миллиард доллар жұмсады, бірақ ол тіпті лазермен атқылай алмайды" деген мақала жариялаған. Журналдың ресми сайты Қазақстанда біраз уақыт ашылмай қалған.
14/18 2017 жылы Астанада өткен Expo көрмесінің ғимараты. Көрме кезінде америкалық Foreign Policy журналы "Қазақстан ажал жұлдызына бес миллиард доллар жұмсады, бірақ ол тіпті лазермен атқылай алмайды" деген мақала жариялаған. Журналдың ресми сайты Қазақстанда біраз уақыт ашылмай қалған.
Астана - әлемдегі ең қысы қатты қалалардың бірі. Қыс мезгілінде қалада аяздан мектеп, университеттерде сабақ тоқтап, жолдар жабылады.
15/18 Астана - әлемдегі ең қысы қатты қалалардың бірі. Қыс мезгілінде қалада аяздан мектеп, университеттерде сабақ тоқтап, жолдар жабылады.
Аяздан қорғану үшін қалада мыңдаған ағаш отырғызылды.
16/18 Аяздан қорғану үшін қалада мыңдаған ағаш отырғызылды.
Қаланы жасылдандыру және ағаш отырғызу жобасы әлі жалғасып жатыр.
17/18 Қаланы жасылдандыру және ағаш отырғызу жобасы әлі жалғасып жатыр.
6 шілдеде Астана 20 жылдығын атап өтеді. Дәл осы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.
18/18 6 шілдеде Астана 20 жылдығын атап өтеді. Дәл осы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады.
Previous slide
Next slide

Астана қаласын Қазақстанды совет дәуірінен бері үздіксіз басқарып отырған Назарбаевтың "перзенті" деп атайды. 1990 жылы сәуірдің 24-інде жаңадан тағайындалған Қазақ ССР президенті қызметіне сол кездегі Жоғары Кеңес төрағасы әрі Қазақ ССР Коммунистік партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев сайланған. Содан бері Қазақстанда өткен кезекті және мерзімінен бұрын президент сайлауларында Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен жеңіске жеткен. Соңғы рет 2015 жылғы сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, Назарбаев 97 пайыздан артық дауыс алған.

Батыс бақылаушылары мен қазақстандық оппозиция Қазақстандағы сайлаулар әділ өткен емес деп санайды. Назарбаевты саяси бәсекелестерін қудалап, балама пікір айтушыларды басып-жаншиды деп сынайды. Назарбаевтың өзі "Қазақстанның демократияға жетер өз жолы бар" деп айтып жүр.

Жақында Қазақстан парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы президент сайлауы Назарбаевтың қатысуынсыз өтуі ықтимал деп айтып қалды. Бірақ, ізінше ол түпкілікті шешімді Назарбаевтың өзі қабылдайды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG