Қазақ блогері, белсенді Мұратбек Тұңғышбаевтың соты
Бішкектің Октябрь аудандық соты қазақстандық блогер әрі белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарап жатыр. Қазақстан билігі блогерді "тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдайды" деп айыптайды. Тұңғышбаев пен жақтастары бұл айыптың саяси астары бар деп мәлімдеп, халықаралық ұйымдардан араша сұрайды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің видеосы.
ПІКІРЛЕР