Accessibility links

ОҚО: "Экстремизмді насихаттаған" 8 күдікті ұсталды


ҰҚК мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысында экстремизмді насихаттады деген күдіктіні ұстап тұр. Суретті облыстық ІІД ұсынған.
ҰҚК мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысында экстремизмді насихаттады деген күдіктіні ұстап тұр. Суретті облыстық ІІД ұсынған.

Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік идеологияны насихаттайтын аудио және бейнежазбаларды таратты деген күдікті сегіз азамат ұсталды деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті (ІІД). Ведомство ақпаратына қарағанда, күдіктілер 10 мамыр күні ІІД және облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері облыстың бірнеше ауданында бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталған.

Қазір бұл бойынша "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілер қамауға алынған.

Департамент күдіктілердің аты-жөні, қай аудандарда ұсталғаны туралы толымды ақпарат бермей отыр.

XS
SM
MD
LG