Accessibility links

Қалетаев дін істері бойынша министр болды


Дархан Қалетаев
Дархан Қалетаев

Сенат депутаты Дархан Қалетаев Қазақстан дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Ал бұрын осы қызметті атқарған Нұрлан Ермекбаев президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

45 жастағы Дархан Қалетаев бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары және "Самұрық" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болып Талғат Донақов келді. Бұрынғы төраға Анатолий Смолин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен қызметінен босатылды.

Жаңа тағайындаулар туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы 4 сәуірде Ақорда сайтында жарияланды.

Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2016 жылы қыркүйекте құрылған.

XS
SM
MD
LG