Accessibility links

Ерлан Біләл атақтарынан айырмауды сұрады


Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл сот отырысынан шығып келеді. Алматы, 31 қаңтар 2018 жыл. Скриншот.
Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл сот отырысынан шығып келеді. Алматы, 31 қаңтар 2018 жыл. Скриншот.

Ақпанның 6-сында Алматының Алмалы аудандық сотында Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры, "пара алуға оқталу" айыбы тағылған Ерлан Біләл соттағы соңғы сөзін сөйледі. Бұл жайлы жергілікті Tengrіnews ақпарат агенттігі хабарлады.

Ерлан Біләл судья Қуаныш Әріповтен мемлекеттік наградаларынан айырмауды сұрады.

- "Жастар одағы жүлдесінің лауреаты" атағы 2003 жылы анамның қазасынан кейін берілді. Мен үшін ол ары қарай өмір сүруге, театр сахнасында өнер көрсетуіме демеу болды. Ұлыма ауыр ота жасалды. Үш жыл өз-өзіме келе алмадым. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын әкем қайтыс болған соң алдым. Денсаулығым да әлсіз. Диагноздарыма қарамастан осы театрда 25 жыл қызмет еттім, - дейді Біләл.

Айыбын мойындағанын алға тартқан бұрынғы театр директоры отбасылық, қаржылық және денсаулық жағдайын ескеріп, айыппұл мөлшерін төмендетуді өтінген. Наградалары мен атақтарынан айырылу "шығармашылық адамы ретінде өлумен тең" екенін айтқан Біләл алдағы уақытта студенттерге сабақ беріп, "республиканың өркендеуі үшін қызмет ете беретінін" айтқан.

Бұдан бұрын мемлекеттік айыптаушы Ерлан Біләлді "пара алуға оқталды" деп айыптап, соттан 90 милион теңге айыппұл салуды, барлық атақ-абыройы: "Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері", "Жастар одағы жүлдесінің лауреаты", Момышұлы атындағы медал, "Намыс", "Құрмет" ордендерінен айыруды, мемлекеттік органдарда кейбір қызметтерді атқаруға өмірбақи тыйым салуды сұраған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Ерлан Біләлдің сотында видео және аудио жазбаға тыйым салынды

Сот: Актер Ерлан Біләл кепіл қойды

Ерлан Біләл қаңтардың басында 1,5 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттенді деген күдікпен ұсталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр" деп хабарлаған.

Тергеу дерегінше, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісінен жаңа жылдық театр қойылымдарын бірге өткізу туралы келісімге қол қою үшін пара бопсалау күдігіне ілінген.

Істің мән-жайы анықталғанға дейін Ерлан Біләл театр директоры қызметінен шеттетілген еді.

КӨРЕ ОТЫРЫҢЫЗ:​

"Миллиардты алғандар жүреді, ал мизер алғандар..."

AzatNews 31.01.2018

AzatNews 31.01.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:13:30 0:00

XS
SM
MD
LG