Accessibility links

Агенттік: Актер Ерлан Біләлдің "пара алмақ болғаны" әшкереленді


Ерлан Біләл, актер, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры. Сурет театрдың ресми сайтынан алынды.
Ерлан Біләл, актер, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры. Сурет театрдың ресми сайтынан алынды.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, актер Ерлан Біләлдің пара алмақ болғаны әшкереленді деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің айтуынша, Ерлан Біләл Алматыда «театр базасын жаңа жыл кезінде балаларға арналған қойылым өткізуге жалға бергені үшін заңды тұлғадан бір жарым миллион теңге пара алу үстінде» үсталған. «Кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр» деді Нұрлан Жахин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ерлан Біләлдің бірнеше адамның арасында тұрған, оның бірі Біләлдің қолынан қысып ұстап, ортада 10 мың және 20 мың теңгелікке ұқсас ондаған купюра жайылып тұрған суреті тараған болатын.

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры кеңсесінің қызметкері Азаттық тілшісіне Ерлан Біләлдің бүгін жұмысқа шықпағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG