Accessibility links

Мұратхан Тоқмадиді қамау мерзімі ұзартылды


Мұратхан Тоқмади (оң жақта) "Almaty Triathlon 2015" жарысына қатысып жатқан сәт
Мұратхан Тоқмади (оң жақта) "Almaty Triathlon 2015" жарысына қатысып жатқан сәт

"КазСтройСтекло" зауытының директоры Мұратхан Тоқмади екі айға қамалды деп хабарлады Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты. "1 тамызда Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмадиді қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 13 қыркүйекке дейін ұзарттты" деген сот өкілі.

Мұратхан Тоқмади 12 маусым күні таңертең Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша ("ірі көлемдегі мүлікті иелену мақсатымен бопсалау") күдікті ретінде ұсталған. Алмалы аудандық соты Тоқмадиді екі ай мерзімге қамауға санкция шығарған.

Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін "ауыр және аса ауыр қылмыс жасады" деген күдікке ілінген Мұратхан Тоқмадиге қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған. "Күдіктінің үйін тінту кезінде қаржы құжаттары, криминалдық қару, оқ-дәрі, жалған құжат және өзге де заттай айғақтар табылды. Азаматтардың арызы мен өтініші бойынша қосымша тергеу жүріп жатыр" деп хабарлаған бас прокуратура.

Ресми мәлімет бойынша, Тоқмади "2005 жылы аты-жөні анықталмаған адамдармен сөз байласып, "Семрюжком" фирмасы мен "КазСтройСтекло" құрылтайшысына күш көрсету арқылы бопса жасап, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталының үлесін иеленген".

Полиция 12 маусымда "КазСтройСтекло" зауытын тінтіген. Зауыт бас директорының орынбасары Людмила Шепелева сол кезде Азаттыққа зауыт аумағында тінту жүргізіліп, компьютерлер мен құжаттар тәркіленгенін хабарлаған. Тоқмадидің жақындары оны кінәсіз деп санайды.

XS
SM
MD
LG