Accessibility links

Адвокаттар: Терроризм мен экстремизм істерін қарайтын сарапшылар аз


Адвокаттар Бауыржан Азанов (солдан оңға қарай), Айман Омарова және Ғалым Нұрпейісов баспасөз конференциясында. Алматы, 16 наурыз 2017 жыл.
Адвокаттар Бауыржан Азанов (солдан оңға қарай), Айман Омарова және Ғалым Нұрпейісов баспасөз конференциясында. Алматы, 16 наурыз 2017 жыл.

Экстремизм, терроризмге қатысты қылмыстық істерге сараптама жасайтын сарапшылар аз, бұл бабтар бойынша сотталып жатқандардың көбінің айыбы дәлелденбейді деп мәлімдеді бүгін Алматыда баспасөз жиынын өткізген бір топ адвокат. Жиынға қатысқан адвокаттар Айман Омарова, Ғалым Нұрпейісов, Бауыржан Азановтың айтуынша, дінаралық алауыздықты қоздырды деп күдікті ретінде танылған адамдарға қатысты пікір беретін сарапшылардың білім деңгейі төмен.

- Бізде сараптаманы сол эксперттер ғана жасап жүр. Олардың көбі сараптаманы дінтанулық тұрғыда емес, ханафи мазхабының ұстанымдары бойынша жасайды. Біздің мемлекеттік сараптамаларымыз адамдарды тек солар шығарған сараптамасының қорытындысы бойынша соттап жатыр. Алматы облысында 2-3 эксперт, Астанада 2-3 эксперт қана бар. Сонымен қанша адамды соттап жатыр, - дейді адвокат Айман Омарова.

Қазақстандық халықаралық адам құқығы бюросында өткен баспасөз жиынында адвокаттар елдегі діни наным-сенім бостандығына назар аударды. Олар соңғы уақытта құзырлы органдардың терроризм, экстремизммен күрес шаралары барысында қозғалған істерінің көбі конституцияда жазылған сенім бостандығы бабына сәйкеспейтінін айтады. Адвокаттар сонымен қатар "Қазақстан азаматтары Ислам дінінің тек бір мазһабы бойынша ғана жүру керек деген заң жоқ, сондықтан кейбір дәстүрлі емес діни бағытты ұстанған адамдар жазықсыз жазаға тартылып жатыр" деп санайды. Бұл пікірді өзін "Қазақста мұсылмандар одағы" ұйымының жетекшісі деп атайтын Мұрат Телібеков те қостайды.

- Адамдарды қандай адам болса да идеясы, ой-пікірі үшін соттауға болмайды. Қылмыс істесе, бір жаман нәрсе істесе тек сол үшін соттауға болады. Бізде қазір ой-пікіріне бола, адамның басында қандай идея бар екен деп сол жағынан кінәлайды. Менің ойымша бұл - үлкен қате, - дейді Мұрат Телібеков.

XS
SM
MD
LG