Accessibility links

БАҚ: WikiLeaks-ке электрондық хаттарды кім бергені анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауныша, АҚШ-тың барлау қызметі WikiLeaks сайтына елдегі президент сайлауының барысына ықпал ету мақсатымен электрондық хаттарды берген күдіктілерді анықтаған.

Washington Post газеті мен Reuters агенттігі 5 қаңтарда АҚШ Орталық барлау басқармасы АҚШ Демократиялық партиясы ұлтты комитеті мен партия басшыларының серверлерінен ұрланған электрондық хаттарды WikiLeaks-ке берді деген күдікті Ресей шенеуніктерін анықтағанын хабарлады. Барлау қызметінің тұжырымына қарағанда, ұрланған бұл материалдар Ресей президенті Владимир Путиннің пәрмені бойынша үшінші адам арқылы берілген.

Reuters мұндай тұжырым арнайы қызметтің 5 қаңтарда АҚШ президенті Барак Обамаға ұсынған құпия баяндамасында келтірілгенін айтады. Бұл баяндамадағы мәліметтер бүгін жаңа сайланған президент Дональд Трампқа берілмек.

Бұл тұжырымдар WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанж бұған дейін сайтқа ақпаратты Ресей азаматы берген деген ұйғарымды жоққа шығарғандықтан маңызды болып отыр. Бұған қоса, Дональд Трамп Ассанждың терістеуіне комментарий бере отырып, АҚШ-тағы хакерлік шабуылдарға Ресейдің қатысы барына күмән келтірген.

Reuters ұрланған материалдар WikiLeaks-ке ізін жасыру үшін "тұйықталған шеңбер" бойынша, Ресейдің бас барлау басқармасының қатысуымен берілген болуы мүмкін дейді. Мәліметті мұндай жолмен беру "материалдың бұлағы - Ресей билігі емес" деп айтуға негіз бола алады деп жазады агенттік.

XS
SM
MD
LG