Алматыда қолөнер шебері Анар Лепесованың алғашқы жеке көрмесі өтті. Көрмеге 30-дан аса қуыршақ қойылды. Төрт жасынан бастап склеродермия ауруына шалдыққан Анардың сүйікті ісі – қуыршақ тоқу. Қуыршақтарының бағасы 5000-15000 теңге (15-45 доллар) аралығында. Одан түскен қаржыға Анар дәрі-дәрмек сатып алады. Алматы, 10 қараша 2016 жыл.
Анар Лепесованың қуыршақтары

1
Анар Лепесова өзі тоқыған қуыршақтар көрмесінде.

2
Анар Лепесова тоқыған қуыршақтардың бірі.

3
Көрмеге келген адам қуыршақтарды қызықтап тұр.

4
Анара тек позитивті, ашық түсті қуыршақтар тоқығанды ұнататынын айтады. Солардың бірі – жирафтар.

5
Ойыншық ақшақарлар. «Жаңа жыл жақындап қалды», - дейді авторы Анар.

6
Кішкентай қонжық.

7
«Мая арасы».

8
Тағы бір қонжық.

9
Қуыршақ қыз.

10
Көрмедегі қуыршақтардың бірі.

11
Көрмеге келушіге Анардың жирафтары ұнап қалған сыңайлы.

12
Көрмеге 30-даy аса үлкенді-кішілі қуыршақтар қойылды.