Ирактағы шайқас жүріп жатқан аймақтан хабар әзірлеп жүрген Фарда радиосының (Азат Еуропа - Азаттық радиосының Парсы қызметі) фрилансері Расул Махмуд жараланды: оның қолы мен мұрны сынып, көзіне зақым келген. Махмуд жараланғанға дейін түсірген суреттерде Мосулды «Ислам мемлекеті» экстремистік тобынан қайтару операциясы жалғасып жатқаны бейнеленген.
Иракта АЕР/АР тілшісі Расул Махмуд ауыр жараланды
Иракта майдан шебінен хабар дайындап жүрген Азат Еуропа - Азаттық радиосының тілшісі Расул Махмуд жараланды.
ПІКІРЛЕР