Accessibility links

Алматы мен Астанада «Мәңгілік полк» шеруі өтті

Алматыдағы «Мәңгілік полк» акциясына қатысушылар. 9 мамыр 2016 жыл.

Алматыда бүгін «Мәңгілік полк» («Бессмертный полк») акциясы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматының орталығындағы Астана алаңынан басталып, 28 панфиловшы жауынгер атындағы саябақта аяқталған шеруге қатысқан мыңдаған адам екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шыққан. Шеру барысында оған қатысушылар майдан кезіндегі әндерді шырқаған.

28 панфиловшы жауынгерлер саябағында Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен соғыс ардагерлері Мәңгілік алауға гүл қойған. Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде қала әкімі «бүгінгі өміріміздің тыныштығы мен бейбітшілік үшін өмірін қиғандарды табиғат та жылап еске алып жатқанын» айтқан. Алматыда бүгін таңертең қалың жаңбыр жауған еді.

Сонымен бірге бүгін Астана қаласында да «Мәңгілік полк» акциясы өткен. Премьер-министр Кәрім Мәсімов, үкімет мүшелері, парламент палаталарының жетекшілері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақтықожа Ізмұхамбетов, қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов және басқалар «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл қою шарасына қатысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Мәскеуде нацистік Германиямен соғыстағы жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан.

Алматы мен Астанадағы «Мәңгілік полк» шеруінен фотогалерея:

Алматы мен Астанадағы «Мәңгілік полк» шеруі

Майдангер туыстарының суреттерін ұстаған адамдар алаңға жан-жақтан жиналды. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі. 9 мамыр 2016 жыл.
1/33 Майдангер туыстарының суреттерін ұстаған адамдар алаңға жан-жақтан жиналды. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Ауғанстандағы соғысқа қатысқан полковник Сергей Пашевич даңқты 316-атқыштар дивизиясының әйгілі командирі генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың гимнастеркасы погонына әлденені тағып жатыр. Екеуі де екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қызыл армия жауынгері киімін киген.
2/33 Ауғанстандағы соғысқа қатысқан полковник Сергей Пашевич даңқты 316-атқыштар дивизиясының әйгілі командирі генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың гимнастеркасы погонына әлденені тағып жатыр. Екеуі де екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қызыл армия жауынгері киімін киген.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Соғысқа қатысқан майдангер суреті мен гүл ұстап келе жатқан ер адам. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
3/33 Соғысқа қатысқан майдангер суреті мен гүл ұстап келе жатқан ер адам. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушы балалар суретке түсіп тұр.
4/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушы балалар суретке түсіп тұр.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Шеруге СССР туын ұстап келгендер де болды. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
5/33 Шеруге СССР туын ұстап келгендер де болды. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Ал енді біреулер шеруге Украина ССР-і туымен келіпті. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
6/33 Ал енді біреулер шеруге Украина ССР-і туымен келіпті. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыда «Мәңгілік полк» шеруі өткен күні таңертең басталған жауын шеру біткенше толастамады. Шерудің басталуын күткен жұрт соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Әйгілі «Катюша» әнін жұрт жиі қайталап айтты. Ал «Мәңгілік полк» шеруі кезінде оған ілесіп жүрген автокөлікке орнатылған дыбыс күшейткіштерден соғыс жылдарындағы және жеңістен кейін майдан тақырыбына жазылған танымал әндер берілді.
7/33 Алматыда «Мәңгілік полк» шеруі өткен күні таңертең басталған жауын шеру біткенше толастамады. Шерудің басталуын күткен жұрт соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Әйгілі «Катюша» әнін жұрт жиі қайталап айтты. Ал «Мәңгілік полк» шеруі кезінде оған ілесіп жүрген автокөлікке орнатылған дыбыс күшейткіштерден соғыс жылдарындағы және жеңістен кейін майдан тақырыбына жазылған танымал әндер берілді.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Танкистің бас киімін киген ұл бала БТР үстінде отыр. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
8/33 Танкистің бас киімін киген ұл бала БТР үстінде отыр. Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар мен бұл күні саябаққа қыдырып келген адамдар Совет Одағының батыры генерал Иван Панфилов ескерткішіне гүл қойды.
9/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар мен бұл күні саябаққа қыдырып келген адамдар Совет Одағының батыры генерал Иван Панфилов ескерткішіне гүл қойды.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар арасында Жетісу казактары киіміндегі адамдар да болды.
10/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар арасында Жетісу казактары киіміндегі адамдар да болды.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар майдан туралы ән шырқап келеді.
11/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар майдан туралы ән шырқап келеді.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысқандар арасында мүгедектер арбасында отырғандар да болды. Фотода: Алматы тұрғыны, суретші Зита Сұлтанбаева.
12/33 «Мәңгілік полк» шеруіне қатысқандар арасында мүгедектер арбасында отырғандар да болды. Фотода: Алматы тұрғыны, суретші Зита Сұлтанбаева.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі таңертеңгі сағат 9.00-да басталды. Шеруді Қазақстан Республикасы туы мен Жеңіс туының көшірмесі тігілген БТР бастап, оған соғыс уақытындағы Қызыл армия жауынгері киімін киген адамдар жаяу ілесіп жүрді.
13/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі таңертеңгі сағат 9.00-да басталды. Шеруді Қазақстан Республикасы туы мен Жеңіс туының көшірмесі тігілген БТР бастап, оған соғыс уақытындағы Қызыл армия жауынгері киімін киген адамдар жаяу ілесіп жүрді.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Жауынгер киіміндегі жас жігіттер соғыс кезіндегі Қызыл армия майдандарының туларын ұстап келеді. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
14/33 Жауынгер киіміндегі жас жігіттер соғыс кезіндегі Қызыл армия майдандарының туларын ұстап келеді. Алматы, 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушы әскери оқу орындарының курсанттары.
15/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушы әскери оқу орындарының курсанттары.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Шеруге қатысушы әскери оқу орындарының курсанттары сапынан кейін «Мәңгілік полк» баннері мен майдангер туыстарының суреттерін көтерген Алматы тұрғындары мен қала қонақтары келе жатыр.
16/33 Шеруге қатысушы әскери оқу орындарының курсанттары сапынан кейін «Мәңгілік полк» баннері мен майдангер туыстарының суреттерін көтерген Алматы тұрғындары мен қала қонақтары келе жатыр.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
2016 жылы 9 мамырда Алматыда өткен «Мәңгілік полк» шеруіне мыңдаған адам қатысты. Өткен жылғымен салыстырғанда биыл адам көп жиналды.
17/33 2016 жылы 9 мамырда Алматыда өткен «Мәңгілік полк» шеруіне мыңдаған адам қатысты. Өткен жылғымен салыстырғанда биыл адам көп жиналды.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы автокөлік шерудің соңына дейін өздігімен жүріп баруға шамасы жетпей тұрып қалған соң оны итеріп апаруға тура келді.
18/33 Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы автокөлік шерудің соңына дейін өздігімен жүріп баруға шамасы жетпей тұрып қалған соң оны итеріп апаруға тура келді.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыда өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар. 9 мамыр 2016 жыл.
19/33 Алматыда өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар.
20/33 «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар соғыс қаһармандарының суреттерін көтеріп келе жатыр.
21/33 «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар соғыс қаһармандарының суреттерін көтеріп келе жатыр.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне кеудесіне медальдар мен «Георгий лентасын» тағып шыққан егде жастағы әйел.
22/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруіне кеудесіне медальдар мен «Георгий лентасын» тағып шыққан егде жастағы әйел.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
23/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыда 1988 жылдан бері тұрып жатқан Ауғанстан демократиялық республикасының бірнеше генералы да бүгін қалада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысты. 9 мамыр 2016 жыл.
24/33 Алматыда 1988 жылдан бері тұрып жатқан Ауғанстан демократиялық республикасының бірнеше генералы да бүгін қалада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысты. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі толассыз жауған жаңбыр астында өтті. Қала орталығындағы Астана алаңынан басталған шеру 28 панфиловшы жауынгерлер саябағында аяқталды.
25/33 Алматыдағы «Мәңгілік полк» шеруі толассыз жауған жаңбыр астында өтті. Қала орталығындағы Астана алаңынан басталған шеру 28 панфиловшы жауынгерлер саябағында аяқталды.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне жиналып жатқан адамдар. 9 мамыр 2016 жыл.
26/33 Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне жиналып жатқан адамдар. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр. 9 мамыр 2016 жыл.
27/33 Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Астанадағы батырлар ескерткішіне қойылған гүлдер. 9 мамыр 2016 жыл.
28/33 Астанадағы батырлар ескерткішіне қойылған гүлдер. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр. 9 мамыр 2016 жыл.
29/33 Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар совет кезіндегі және Қазақстан туларын ұстап тұр.
30/33 Астанада «Мәңгілік полк» шеруіне шыққандар совет кезіндегі және Қазақстан туларын ұстап тұр.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Астанадағы мәңгілік алауға гүл қою. 9 мамыр 2016 жыл.
31/33 Астанадағы мәңгілік алауға гүл қою. 9 мамыр 2016 жыл.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
«Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар Астанадағы «Отан қорғаушылар» ескерткіші жанынан өтіп барады.
32/33 «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар Астанадағы «Отан қорғаушылар» ескерткіші жанынан өтіп барады.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
«Мәңгілік полк» шеруіне шаққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр.
33/33 «Мәңгілік полк» шеруіне шаққандар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер суреттерін ұстап тұр.
Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG