Accessibility links

БАҚ: Солтүстік Корея сүңгуір қайығы суға батқан


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын сүңгуір қайық перискобынан қарап тұр. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын сүңгуір қайық перискобынан қарап тұр. (Көрнекі сурет.)

Америкалық баспасөз құралдарының хабарлауынша, АҚШ әскери-теңіз күштері шенеуніктері Солтүстік Кореяның жоғалып кеткен сүңгуір қайығы теңізге батқан деген болжам айтып отыр.

Сенбі күні CNN телеарнасы Солтүстік Кореяның байланыс желісіне мониторинг жүргізетін АҚШ барлауы солтүстіккореялық сүңгуір қайық бағытынан ауытқып кеткен болуы ықтимал деп санайтыны туралы мәлімдеген. Бұған қоса, АҚШ әскери-теңіз күштерімен тығыз байланыстағы интернет-басылым аты-жөні көрсетілмеген шенеуніктің «сүңгуір қайық суға батып кеткенге ұқсайды» деген сөзін келтірген.

АҚШ әскери-теңіз институты сайтының жаңалықтары әзірше америкалық сарапшылар сүңгуір қайықтың класын және оның шабуылға немесе баллистикалық зымыран ұшыруға арналған немесе басқадай қайық екенін анықтай алмай отырғанын хабарлады. Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран құрастыру жөніндегі бағдарламасын дамытуға тырысып келе жатқаны мәлім.

Сүңгуір қайық туралы ақпараттар АҚШ пен Оңтүстік Корея соңғы жылдардағы ең ірі көлемде әскери жаттығулар өткізіп жатқанда тарап отыр. Солтүстік Корея бұл жаттығуларды «ядролық соғысқа» қарай қадам деп атап, оған жаппай қарсы шабуылмен жауап беретінін мәлімдеген.

Пхеньян биыл қаңтарда төртінші рет ядролық қару сынағын жасағаннан кейін Корей түбегіндегі ахуал шиеленісіп кетті. Өткен айда Пхеньян алыс қашықтыққа ұшатын зымыран сынағын өткізген соң БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар қабылдаған.

XS
SM
MD
LG