24-бригаданың рота командирі еріктілерді ұрыс тәсілдеріне үйретеді. Жаттығулар Луганск облысындағы қараусыз қалған пионер лагерінде апта сайын өтіп жатыр. Командир еріктілерді қала ішіндегі бетпе-бет ұрыстарға бейімдеп жатқанын айтады. Жаттығулар түрлі сценарилермен жасалады. Жаумен көше бұрыштарында ұшырасып қалған жағдайдағы әрекеттер, ғимаратты басып алу тәсілдері пысықталады. Қоян-қолтық төбелес әдістері де үйретіледі. Командир сөзіне қарағанда, еріктілер ұрыс өнерін тез меңгеріп жатыр. Ол "қалалардың жақын орналасуы, жол қиылыстарындағы қақтығыстар ықтималдығы еріктілерден бетпе-бет соғыс тәсілдерін білуді талап ететінін" айтады. Рота командирі "2014 жылы ресейшіл сепаратистермен соғыста жинаған тәжірибемізді үйретіп жатырмыз" дейді. Еріктілер Украинаның барлық аймақтарынан келген. Ең жасы 20-да, үлкені 57 жаста.
Қаладағы ұрысқа машықтану
Луганск облысында Украина әскері қатарына сұранып келген еріктілерді қала ішіндегі ұрыстарға жаттықтырып жатыр.

1
Инструктор елді мекенге кірудің тәсілдерін түсіндіріп жатыр.

2
Ұрыс тактикасын түсіндіру кезінде құм алаңқай қолданылады. Кішпіштер мен бұтақтар ғимараттар мен түрлі нысандар ретінде пайдаланылады.

3
Еріктілердің көбінің бұрын ұрыстарға қатысып көрмесе де көңілдері көтеріңкі.

4
Әскерге жаңа келген еріктілер елді мекенге кірген бетте жіті қимылдауды үйренеді. Оларды көбінесе бірін-бірі тез түсінуге, әрекеттерін жылдам үйлестуріге жаттықтырады.

5
Ғимарат бұрышына жасырынған ерікті арттағы әріптестеріне нақты ақпарат беруге міндетті.

6
Қараусыз қалған пионер лагерінің қасында тұрған жауынгер.

7
Жаңа жауынгерлердің әрқайсысы лагерь аумағында нақты міндеттер атқарады.

8
Әскери жаттығудың негізгі бөлігі - атып үйрену.

9
Жауынгер автомат қарудың оптикасын көрсетіп тұр.

10
Жауынгерлер ағаштарды "киіндіріп", оны ғимарат ішіндегі нысана ретінде пайдаланады.

11
Жаттығуда жаумен бетпе-бет ұшырасқан жағдайдағы әрекеттер мен көшедегі қоян-қолтық ұрыс, ғимаратты алу тәсілдері де пысықталады.

12
БТР жүргізіп үйреніп жатқан жауынгер.

13
Жау қолындағы қалаға жақындаған жағдайда жауынгерлердің жолын БТР ашуы тиіс. БТР мен жаяу әскер бір-біріне көмектесе отырып, соғысады.

14
БТР-дің біріндегі «Украина» жазуы.