Қарашаның 22-сі күні сағат түнгі 00:22 -де Қырым жарықсыз қалды. Содан бері бір апта өтті. Қарашаның 24-і Қырым энергетика және отын министрі қызметінен алынды. Ресей төтенше жағдайлар министрі (ТЖМ) Владимир Пучков келгенімен, түбектегі жағдай өзгермеді. Кейбір ауылдарға әлі күнге электр қуаты уақытша болса да берілген жоқ. Украинадан келетін негізгі электр қуаты желісі үзілген төртінші күні Қырымның троллейбус паркі жұмысын доғарды. Қырымға электр қуаты қашан толық берілетіні белгісіз.
Қараңғы Қырым
Қарашаның 22-сі күні сағат 00:22-де Қырым жарықсыз қалды. Содан бері апта өтті. Азаттықтың Қырым қызметінің фотогалереясы.

1
Ірі сауда орталықтары жұмыстарын түрлі техника көмегімен жалғастырып жатса, шағын дүкендер тұтынушыға шам жарығымен қызмет етеді.

2
Қазір жұрт генераторлар шуына үйреніп қалды.

3
Алғашқы күндері «Сильпо» дүкенінде жарық өшпесе, қазір қараңғылық оларға да жеткен.

4
Ірі дүкендер күн жарығын пайдаланып жұмыс істейді. Ымырт жабыла олар генераторларын қосады.

5
Төтенше жағдай режимі бойынша арақ-шарап кешкі сағат 17-ге дейін ғана сатылады.

6
Кейбір ірі сауда орталықтары кезекпен қосылатын электр энергиясын сағаттап күтуге мәжбүр.

7

8
Қазір көшеде жұрт қарасы азайған. Күн жылы болған бастапқы күндері адамдар көшеге шығып, кафеге немесе паркке барып жүретін.

9
Қырым билігінің кафелер мен түрлі көңіл көтеру орындарының жұмысын кешкі сағат 20-дан кейін тоқтату туралы жарлығы көп жерлерде сақтала бермейді.

10
Шамдар мен шырақтар ең қажетті тауарға айналған.

11
Қырым министрлер кеңесі ғимаратына жарық үздіксіз беріледі.

12
Жерасты өткелдерінің тіршілігі өзгермеген.

13

14
Қырым көшелері қараңғылыққа батқан, жарық тек терезеден түседі.

15
Ресей ТЖМ-і Симферопольдің орталық алаңдарына 9 жарық мұнарасын орнатты.

16
Керчь қаласына электр энергиясы бесінші күн берілді. Іскер тұрғындар бірден ақша табу амалдарына көшті.

17
Төртінші күні Қырымда троллейбустар тоқтады.

18
Ескі қаладағы такси. Ол мұндағы жалғыз сәулеге айналған.

19
Электр қуатынсыз тіршілік қанша созылатынын ешкім білмейді.