Қарашаның 23-і күні Алматыда чех суретшісі Вероника Кубикованың «Қалада», «Сәулет өнерінен шабыт алу» және «Байланыста» серияларына топтастырылған картиналар көрмесі ашылады. Постсоветтік Беларусь елінде де тұрған суретші шығармашылығының негізгі тақырыбы – урбанизацияға арналған.
Вероника Кубикованың сурет көрмесі
Алматыда отбасымен тұратын чех суретшісі Вероника Кубикованың картиналар көрмесі жақында осы қалада ашылмақ.

1
Чех суретшісі Вероника Кубикованың бұл картинасы әлем елдеріндегі төрт астана – Прага, Париж, Лондон және Рим қалаларынан алған әсерін көрсетеді.

2
Чех суретшісі Вероника Кубикова өз автопортреті жанында тұр.

3
Вероника Кубикованың суретінде Беларусь ұлттық кітапханасы мәнерлеп қырланған тас, кристалл бейнесінде салынған.

4
Суретші «Өрмекші деген кім?» атты жұмысына қазіргі заманғы адамның интернетке, Google мен әлеуметтік желілерге тәуелділігін арқау еткен.

5
Алматылық суретші Валерий Картун штрих-код түрінде салынған «Қазақстан мен Чех республикасы арасындағы 136 айырмашылықты табыңыз» атты суретті тамашалап тұр. Бұл еңбегінде Вероника Кубикова осы штрих-кодтарды ажырату үшін қазір смартфондарға тәуелді болып отырғанымызды көрсеткісі келген.

6
Вероника Кубикованың «Лабиринт» картинасы Минскінің шағын ауданындағы арасынан адам адасатындай біркелкі үйлерден алған әсерден дүниеге келген.

7
Суретші әрі галерист Серік Бүксеков (ортада) Вероника Кубикованың шығармалары көрмесінде.

8
Суретші Вероника Кубикова қазіргі заманғы жасөспірімнің құндылықтар жүйесін кірпіш және қағаздың көмегімен осылайша бейнелеген.

9
Суретші көрмесіндегі бұл орынға қандай шығарма қойылатыны әзірше құпия. Компьютердің жүктеліп жатқанын бейнелейтін мына суреттің орнына көрме жұмысының соңғы күні жаңа картина ілінбек.