Құрбан айт күні Қазақстандағы елдімекендерде мешіттер мен намазханаларда айт намазы оқылды. Бұл күні Алматының орталық мешітінде таңертең оқылған айт намазына халық көп жиналды. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Алматыдағы Құрбан айт

1
Алматының орталық мешіті.

2
Жылдағыдай биыл да айт намазына жиналған көп адам мешітке симай, мешіт сыртында намазға жығылды.

3
Айт күні мұсылмандар бір-бірін ұлық мерекемен құттықтап, игі тілектер тілейді.

4
Айт намазы оқылып болған соң бірін бір құттықтап жатқан адамдар.

5
Діни салт-дәстүр бойынша, Құрбан айтта мұсылмандар мал сойып, құрбан шалады. Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралап, игі тілек тілеп, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

6
Орталық мешіттегі айт намазынан тарап бара жатқан жұрт. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл

7
Орталық мешітте айт намазы аяқталған соң да бұл жерге құран оқытып, садақ беруге адамдар толассыз келіп жатты.

8
Құрбандыққа шалынатын малды әкеле жатқан жігіттер. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.

9
Алматы орталық мешіті бас имамының көмекшісі Әнуар Елжанов жылдағыдай биыл да айт намазына халық көп келгенін айтады.

10
Әткеншек теуіп отырған қыз бала. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.

11
Орталық мешіт ауласында отырған адамдар. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.

12
Мешітке кірер алдында қыз баланың басына орамал байлап жатқан келіншек. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.

13
Орталық мешітке әруақтарға құран бағыштап, садақа беруге келіп-кетіп жатқан адамдар. Алматы, 24 қыркүйек 2015 жыл.