Accessibility links

Атыраудағы митингке тариф бағасы мен экология арқау болды

Атыраудағы наразылық митингіне қатысушылар. 20 қыркүйек 2015 жыл.

Атырауда бүгін «Азаматтық бастама» қозғалысы белсенділерінің ұйымдастыруымен тарифтердің өсуіне және аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты наразылық жиыны өтті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне митинг ұйымдастырушыларының бірі - «Арлан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Макс Боқаев хабарлады.

Атырау тұрғындары бүгінгі митингке «Таза Атырау үшін!», «Тарифті өсірме!», «Тариф өскенде халық күйзеледі, билік байиды, заң жұмыс істемейді», «Мен әкімдер жалақы алу үшін салық төлеймін. Әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов, тарифті ауыздықтай алмасаң, жалақы алма!» деген жазулар ұстап шыққан.

Макс Боқаевтың айтуынша, жиынды ұйымдастырудағы басты мақсат – аймақта қордаланған әлеуметтік, экологиялық және экономикалық күрделі проблемаларға мемлекеттік органдардың назарын аудару.

– Әсіресе соңғы кезде коммуналдық қызмет түрлері бағасының қымбаттауы мен қоршаған ортаның жағдайы тұрғындарды алаңдатады, билік бұл мәселелерде халықтың пікірін ескермей отыр, - деп санайды ол.

Митингке қатысушылар биліктен мектепте балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуді, табиғат қорғау заңын бұзғандары үшін компаниялардан түскен айыппұлдарды аймақтың экологиясын жақсатуға қалдыруды талап еткен. Сонымен бірге кәсіпкерлер пайдаланылған газ үшін өздерінен монополист мекеменің алдын ала төлем сұрамауы туралы билікке ұсыныс білдірген.

– Біз биліктен аймаққа қатысты шешімдерді қоғамның пікірін ескеріп қабылдауды талап еттік. Митинг резолюциясы тиісті органдарға жіберіледі, - деді Макс Боқаев Азаттыққа.

Белсенді бір жарым сағатқа жалғасқан бүгінгі митингке жүзден аса адам қатысқанын хабарлады. Ол ұйымдастырушылар митингке қала орталығындағы Исатай мен Махамбет ескерткіші тұрған жерді, ол болмаса Дина Нұрпейісова немесе Құрманғазы ескерткіштерінің маңын сұрағанын, бірақ әкімдік оларға жиын өткізуге қаланың шеткері Балықшы шағын ауданындағы Абай Құнанбаев көшесінен орын бергенін айтты.

Атыраудағы наразылық жиыны туралы фотогалерея:

Атыраудағы қарсылық жиыны

Атыраудағы наразылық жиынын жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық ұйымы белсенділері ұйымдастырды. Жиынды өткізуге қалалық әкімдік рұқсат берген. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
1/9 Атыраудағы наразылық жиынын жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық ұйымы белсенділері ұйымдастырды. Жиынды өткізуге қалалық әкімдік рұқсат берген. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Наразылық жиынына қатысушылар коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауы мен экологияның нашарлауына наразылық білдіріп, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін есіне салды. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
2/9 Наразылық жиынына қатысушылар коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауы мен экологияның нашарлауына наразылық білдіріп, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін есіне салды. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Наразылық жиынына қатысушылардың бірі "Тариф, тоқта!" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
3/9 Наразылық жиынына қатысушылардың бірі "Тариф, тоқта!" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Атырауда коммуналдық қызмет тарифтері бағасының қымбаттауына және аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауына наразылық жиынына ондаған адам қатысты.
4/9 Атырауда коммуналдық қызмет тарифтері бағасының қымбаттауына және аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауына наразылық жиынына ондаған адам қатысты.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Наразылық жиынына қатысушылардың кейбірі балаларымен бірге келді. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
5/9 Наразылық жиынына қатысушылардың кейбірі балаларымен бірге келді. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Наразылық жиынына қатысушы билікке қарата айтылған: "Тарифті ауыздықтай алмадыңдар ма? Онда биліктегі орынды босатыңдар!" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
6/9 Наразылық жиынына қатысушы билікке қарата айтылған: "Тарифті ауыздықтай алмадыңдар ма? Онда биліктегі орынды босатыңдар!" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Бүгінгі наразылық жиынына арқау болған негізгі мәселелердің бірі - Атырау экологиясының жағдайы. 20 қыркүйек 2015 жыл.
7/9 Бүгінгі наразылық жиынына арқау болған негізгі мәселелердің бірі - Атырау экологиясының жағдайы. 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Жиынға қатысушы тарифтің қымбаттауына жол берген облыс әкіміне салық төлеуші ретінде наразы екенін айтқан жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
8/9 Жиынға қатысушы тарифтің қымбаттауына жол берген облыс әкіміне салық төлеуші ретінде наразы екенін айтқан жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Наразылық акциясына қатысушы "Тариф қымбаттағанда халық күйзеледі, билік байиды, заңдар жұмыс істемейді" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
9/9 Наразылық акциясына қатысушы "Тариф қымбаттағанда халық күйзеледі, билік байиды, заңдар жұмыс істемейді" деген жазу ұстап тұр. Атырау, 20 қыркүйек 2015 жыл.
Атырауда жергілікті «Азаматтық бастама» қоғамдық қозғалыс белсенділері коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауына және экологияның нашарлауына наразылық жиынын өткізді. Жергілікті билік рұқсат берген жиынға ондаған адам қатысқан. Олар аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларға биліктің назарын аударып, тұрғындардың пікірін ескеруді талап еткен.
Previous slide
Next slide

Атыраулық белсенділер «Азаматтық бастамасы» қозғалысына Facebook әлеуметтік желісінің көмегімен біріккен. Олар бұған дейін Жайық өзені жағасындағы президент резиденциясының қоршауы Атырау тұрғындарының жағалауда жүріп-тұруына, серуендеуіне кедергі жасайтынын айтып, биліктен оны алып тастауды талап етіп қол жинаған болатын. Қыркүйектің 18 күні жергілікті билік даулы қоршауды алып тастаған.

XS
SM
MD
LG