Алматыда әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішевті жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі ғалымның өзі білім алған және өмірінің соңғы кезеңінде қызмет еткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Қаралы шараға студенттер мен зерттеушілер, марқұмның туыстары мен жерлестері, Алматы қаласы әкімі және парламенттің бірнеше депутаты қатысты. Марқұмды Алматыдағы Кеңсай зиратына жерледі. 9 қыркүйек 2015 жыл.
Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу
1
Ғалым Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Студенттер сарайында" өтті. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.
2
Марқұм Тұрсынбек Кәкішевті ақтық сапарға шығарып салуға келгендер.
3
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек (ортада) профессор Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімінде.
4
Қаралы рәсімге келгендер марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.
5
Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімі кезінде марқұмның суретін көтеріп келе жатқан жігіттер. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.
6
Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсіміндегі қаралы жиын. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.
7
Профессор Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасуға студенттер мен зерттеушілер, марқұмның туыстары мен жерлестері, Алматы қаласы әкімі және парламенттің бірнеше депутаты қатысты.
8
Тұрсынбек Кәкішев 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында аға редактор болып қызмет атқарған. 1952-1958 жылдары Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің тарихы институтының ғылыми қызметкері, 1960-1968 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. Ал 1978-1986 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде филология факультетінің деканы болып істеген. Ол - қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен сынына арналған ондаған монографиялық зерттеулердің авторы.
9
Қоштасу рәсімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі "Студенттер сарайында" өтті.
10
Тұрсынбек Кәкішевті Алматыдағы Кеңсай зиратына жерледі.
11
Марқұмды жерлеген соң зират басында құран оқылды. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.
12
Қазақстандық белгілі әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев 89 жасына қараған шағында, 2015 жылы қыркүйектің 7-і күні Алматыда дүниеден өтті.
Суретте: Марқмұның зираты басындағы темір қоршау. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.
Суретте: Марқмұның зираты басындағы темір қоршау. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.
13
Тұрсынбек Кәкішев зиратына орнатылған уақытша белгідегі жазу. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.