Францияның оңтүстік-шығысында наурыздың 24-і күні Германияның Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы құлап, бортындағы 144 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі түгел қаза тапқан. 4U9525 жолаушылар рейсімен Барселонадан Дюссельдорфқа бара жатқан ұшақ Эстроп таулы аймағына құлаған. Ұшақта 15 елдің, соның ішінде Қазақстанның азаматтары болған. Апат болған сәтте ол аймақта күн ашық болғандықтан, апат себебін ауа райымен байланыстырмайды. Germanwings – Германияның ең ірі ұлттық әуе компаниясы Lufthansa-ның еншілес кәсіпорыны. Lufthansa компаниясының өкілі «дәл қазіргі сәтте ұшақ апатына қатысты негізгі болжам – оның оқыс оқиға екендігі, ал өзге сөздердің бәрі (солардың арасында теракт та) – қауесет» деп мәлімдеген.
Франциядағы әуе апаты

1
Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы құлаған аймақ. Франция ішкі істер министрлігінің бейнематериалы.

2
Француз Альпісіндегі Сейн-лез-Альп елдімекенінен он шақырымдай жерде ұшақ сынықтары түскен маңда жүрген құтқарушылар.

3
Құлаған жолаушылар ұшағының сынықтары.

4
Еуропа аспанында апатқа ұшыраған Germanwings әуе компаниясының ұшағындағы жолаушылар арасында Қарағандыдағы кремний металын өндіретін зауытты басқаратын «Тау-Кен Темір» компаниясы директоры 50 жастағы Ербол Иманқұлов, оның әйелі Айжан Есенғалиева және олардың 25 жастағы ұлы Әділ Иманқұлов болған. Сонымен бірге, Германия билік орындарының құлаған ұшақтағы жолаушылардың бірі Елена Блес есімді әйел де Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпаратын қазір Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі анықтап жатыр.

5

6
Францияда таулы аймаққа құлаған А320 жолаушылар ұшағының «қара жәшігі» апат аймағырнан табылған.

7
Ұшақ апатына байланысты іздестіру жұмыстарына тартылған француз жандармериясының тікұшақтары қонып жатқан алаңқайда тұрған журналистер.

8
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер және көлік министрі Александр Добриндт Марсель әуежайында. 24 наурыз 2015 жыл.

9
Франция ішкі істер министрі Бернар Казнев ұшақ құлаған маңға жақын жердегі Сейн-лез-Альп елді мекеніне келді.

10
Германияның Хальтерн-ам-Зе қаласындағы оқу орындарының бірінде оқушылар мен ұстаздар ұшақ апатында қаза тапқандарды еске алып шырақ жақты. Құлаған ұшақта Joseph-Koenig гимназиясының 16 шәкірті мен екі мұғалімі болған.