Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Инфографика
Апта бейнелері: 29 қыркүйек - 4 қазан
5 қазан 2014 жыл, 14:01
Азаттық 29 қыркүйек - 4 қазан аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
Харьковте Украинаның бірлігін қолдап шеруге шыққандар коммунистер көсемі Владимир Лениннің 20-метрлік ескерткішін
құлатты
.
2
29 қыркүйекте Ресейдің Астрахань қаласында Каспий елдерінің
төртінші саммиті
өтті. Бес елдің ресми өкілдері миллиардтаған долларға тең табиғи байлыққа ие теңіздің заңдық мәртебесін анықтауға қатысты 20 жыл бойы келіссөз жүргізіп келеді.
3
29 қыркүйекте Польшаның Гданьск қаласында Украинада ресейшіл биліктің құлауына ықпал еткен "Еуромайдан" қозғалысына Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса атындағы сыйлық табыс етілді. Суретте: Киев мэрі Виталий Кличко (ортада), журналист Татьяна Черновол (сол жақта) және Майданда жұмыс істеген дәріер Ольга Богомолец.
4
Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы Гонконгте азаматтық белсенділердің жаппай
қарсылық акциясы
жалғасып жатқалы аптадан асты. Қыркүйектің 29-ына қараған түні полиция шеруді тарату үшін газ шашты. Шерушілер биліктен 2017 жылға белгіленген сайлаудың еркін түрде өтуін талап етеді. БАҚ аптап ыстықта өтіп жатқан бұл шеруге «қолшатыр қарсылығы» деген ат қойды. Қытайда 1989 жылғы студенттер наразылығынан кейін мұндай бұқаралық қарсылық акциясы болмаған еді.
5
Атырауда 30 қыркүйек күні Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық
форумы
өтті. Қазақстан президенті екі елдің Каспий аймағы мұнайын игеруде жаңа технологияға сүйенуі қажет екенін айтты. Форумның соңына қарай Қазақстанда АЭС салу туралы екі елдің үкіметаралық келісіміне қол қойылды.
6
30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Горный кентіндегі түрмеде жазасын өтеп жатқан құқық қорғаушы Вадим Курамшин бірнеше күнге жалғасқан аштық акциясын
тоқтатқан
.
2012 жылдың желтоқсанында бопсалау айыбы бойынша 12 жылға сотталған азаматтық белсенді Вадим Курамшин өзін кінәсізбін деп санайды. Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның адами өлшем бойынша конференциясында қазақстандық белсенділер Вадим Курамшинді түрмеде де
қудалау жалғасып жатқанын
айтқан. Қазақстан билігі мұндай мәліметті жоққа шығарып, айтылған сынмен келіспейді.
7
Қазанның 1-і күні Қазақстан парламентінің мәжілісі Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Еуразия экономикалық одағы келісімін бірауыздан
мақұлдап
, сенатқа жолдады. Мәжілістің бұл іс-әрекеті әлеуметтік желіде қатты
сынға алған
кейбір қолданушылар «сатқындық» сөзін жиі жазды.
8
1 қазан күні Алматыдағы Қазақстан республикасының мемлекеттік орталық музейінде Шәкен Аймановтың шығармашылығына арналған
көрме ашылды
. Көрмеге әйгілі киношеберінің жеке заттары қойылды.
9
2 қазанда халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Құрманғазы мен Пушкиннің суреті бар даулы постер шығарған жарнама агенттігіне қарсы түсірілген шағымды қайтаруға
шақырды
. Сол күні Алматының Алмалы аудандық соты осы жарнама агенттігіне қарсы Құрманғазы атындағы консерваторияның 34 адамнан құралған ұжымдық шағымын қарай бастады. Шағым берушілердің әрқайсысы соттан моральдық шығын ретінде бір миллион теңге (шамамен 5,5 мың доллар) өндіріп беруді сұрап отыр.
10
2 қазанда Алматыдағы Алмалы аудандық сотында азаматтық белсенді Есенбек Өктешбаевтың "жала жабу" туралы берген арызы бойынша Сұлубике Жақсылықованың үстінен қозғалған іс бойынша
сот басталды
. Екі белсенді баспанасыз адамдардың құқығын қорғаумен айналысатын «Обеспечьте народ жильем» және «Оставим народу жилье» үкіметтік емес ұйымдарын басқарады. Сот отырысы кезінде Жақсылықова Өктешбаевтың өзіне қарсы жала жабу бойынша арыз түсірді.
Апта бейнелері: 29 қыркүйек - 4 қазан
Back to top
XS
SM
MD
LG