Алматыда православ дінін ұстанатын жұртшылық өкілдері бал мейрамын (Медовый Спас) тойлады. 28 гвардиялық панфиловшылар саябағындағы Свято-Вознесенск соборы жанында өткен шараға қатысушыларды Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің басшысы митрополит Александр, Қазақстандағы Ресей бас консулдығының өкілі Ирина Переверзева құттықтады. Осы жерде бал өнімдері жәрмеңкесі мен концерттік бағдарламаға ұйымдастырылды. Алматы, 16 тамыз 2014 жыл. Суреттер авторы - Қазис Тоғызбаев.
Алматыдағы бал мерекесі
![Мерекелік шараларды Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің басшысы митрополит Александр таңертеңгілік діни құлшылық қызметімен бастады.](https://gdb.rferl.org/47e3a439-601f-4689-9232-063a06f753c3_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
1
Мерекелік шараларды Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің басшысы митрополит Александр таңертеңгілік діни құлшылық қызметімен бастады.
![Казак киіміндегі жас азамат қайыр-садақа беріп жатыр.](https://gdb.rferl.org/fae5b5f9-682d-4727-95ff-6851f928714a_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
2
Казак киіміндегі жас азамат қайыр-садақа беріп жатыр.
![Басына православ діні нақышындағы суреті бар орамал тартып алған әйел бал сатылып жатқан жерде тұр.](https://gdb.rferl.org/7b55f869-6401-47a4-a4bf-0afa20739ca5_w1024_q10_s.jpg)
3
Басына православ діні нақышындағы суреті бар орамал тартып алған әйел бал сатылып жатқан жерде тұр.
![Бал мейрамына Қазақстандағы Ресей бас консулдығының өкілі Ирина Переверзева да қатысты.](https://gdb.rferl.org/34d4f308-b3bb-4af8-acf3-a143b5616207_w1024_q10_s.jpg)
4
Бал мейрамына Қазақстандағы Ресей бас консулдығының өкілі Ирина Переверзева да қатысты.
![Мерекеде әлем-жәлем киініп, жұртты күлдіруге шыққан сайқымазақтар да жүрді.](https://gdb.rferl.org/ff246e38-39f3-45c9-9ba1-a6db0eee5e0d_w1024_q10_s.jpg)
5
Мерекеде әлем-жәлем киініп, жұртты күлдіруге шыққан сайқымазақтар да жүрді.
![Бал мейрамын тамашалауға келген шетелдік азаматтар.](https://gdb.rferl.org/4f46976f-b06c-4d89-b115-fece528cb953_w1024_q10_s.jpg)
6
Бал мейрамын тамашалауға келген шетелдік азаматтар.
![Мерекелік концертті тамашалап тұрған жұрт.](https://gdb.rferl.org/8e09b2a9-d736-4df4-bb04-4649107e13e9_w1024_q10_s.jpg)
7
Мерекелік концертті тамашалап тұрған жұрт.
![Бал мейрамына келген балалар.](https://gdb.rferl.org/ce8351da-3f28-4c93-bf27-ae119ead1689_w1024_q10_s.jpg)
8
Бал мейрамына келген балалар.
![Бал мейрамына ұлттық киімде келген жасөспірім қыздар.](https://gdb.rferl.org/194241bc-233c-4609-b0fc-aa8dfa02a9f8_w1024_q10_s.jpg)
9
Бал мейрамына ұлттық киімде келген жасөспірім қыздар.
![Бал арасы нәр жинайтын гүл бейнесінде киінген қыз бала.](https://gdb.rferl.org/906d4a9f-7490-4334-8f74-1c7025ca4528_w1024_q10_s.jpg)
10
Бал арасы нәр жинайтын гүл бейнесінде киінген қыз бала.
![Мерекелік концертте билеп жүрген қыздар.](https://gdb.rferl.org/78341e86-03d8-41bf-ab39-50b5e021317e_w1024_q10_s.jpg)
11
Мерекелік концертте билеп жүрген қыздар.
![Бал сатушы ер адам жәрмеңкеге шығарған өнімдерін әйелдерге ұсынып тұр.](https://gdb.rferl.org/77a30922-9755-43f2-bc7d-96ff46ae715d_w1024_q10_s.jpg)
12
Бал сатушы ер адам жәрмеңкеге шығарған өнімдерін әйелдерге ұсынып тұр.