Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Инфографика
Апта бейнелері: 11 - 16 тамыз
16 тамыз 2014 жыл, 11:31
Азаттық 11 - 16 тамыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
11 тамыз күні өткен жексенбіде Түркияда алғаш рет өткізілген бүкілхалықтық президент сайлауында дауыс бергендердің 52 пайызының қолдауына ие болған премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның жеңіске жеткені хабарланды. Анкарада өзінің "Әділет және даму" партиясының штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде Ердоған елде
"татуласудың жаңа кезеңі"
басталатынын мәлімдеді.
2
11 тамыз күні Мәскеу түбінде Марина Ходорковскаяны ақтық сапарға шығарып салды. ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковскийдің жасы 80-ге қараған анасы ұзаққа созылған дерттен соң 3 тамыз күні Германияда қайтыс болған. Ресей түрмесінде 10 жыл отырып, былтыр желтоқсанда күтпеген жерден рақымшылықпен
босап шыққан
соң шетелге кеткен Ходорковский өзіне қарсы билік қаржы талаптарын қойып отырғандықтан Ресейге анасын жерлеуге келе алмады.
3
11 тамыз күні ондаған борышкер Алматы қалалық әкімдік алдына наразылық акциясына шықты. Қолдарына 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасы туралы суреттер ұстаған борышкерлер жалғыз баспаналары бар адамдардың үйлерін тартып алмау туралы былтыр қалалық әкімдік және банктердің басшылығымен бірлесе жасалған келісімнің бұзылмауын
талап еткен
.
4
11 тамызда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында «BA Global Logistics» компаниясының ондаған жұмысшысы өздеріне еңбекақы төленбейінше жұмысқа шығудан бас тартып, жергілікті әкімдік алдына
жиналды
. Ереуілден соң жұмыс беруші екі ай бойы берілмеген еңбекақыны жұмысшыларға
төлей бастады
.
5
12 тамыз күні Киевтің орталығында шерушілер тобы мен құқық қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Люстрация туралы заң қабылдауды талап еткен белсенділер өздерімен ала келген автокөлік деңгелектерін өртейміз деп мәлімдеді. Оларға бөгет жасамақ болған милиция қызметкерлері мен шерушілер жұлқыласып қалды. Кейін шерушілер бұл жерден дөңгелектердің көбін алып, Жоғарғы Рада алдындағы алаңға барды. Люстрация туралы заң қабылдауды талап еткен белсенділер шеруі Украина парламенті алдында бірнеше күн бойы жалғасып келеді.
6
Ресейдің Шығыс Украинаға арнаған гуманитарлық көмек заттарын тиеді делінген 280 жүк көлігі 12 тамыз күні Мәскеу маңынан
жолға шықты
. Киев бұл автокеруеннің Украина шекарасынан өтуе рұқсат алмағанын мәлімдеді. Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Украина гуманитарлық көмекті тек қана Халықаралық Қызыл Крест ұйымынан қабылдайды деп мәлімдеді.
7
Ресейде 13 тамыздан бастап Wi-Fi жүйесі арқылы интернетке қосылу ережесі
қатаңдатылды.
Енді тегін Wi-Fi қызметін көрсететін барлық орындар қолданушылардың интернеттегі жұмысы туралы мәліметтерді сақтап отыруға міндетті. Бұған қоса Wi-Fi қызметін анонимді түрде пайдалануға шектеу салынады.
8
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей пезиденті Владимир Путин батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары мен Мәскеудің оған жауап шаралары және олардың ықтимал салдарларын 13 тамызда
телефон арқылы
талқылаған. Сонымен бірге тамыз айының соңында Кедендік одақ елдері басшылары мен Украина өкілінің қатысуымен кездесу өткізу мүмкіндігі жайын сөйлескен. Арада екі күн өткенде Путин мен Назарбаев тағы да телефонмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды
талқылаған
.
9
Астана қалалық сотының кассациялық алқасы 14 тамызда статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның үкімін күшінде
қалдырды
. 14 ақпан күні Астананың Есіл аудандық соты Анар Мешімбаеваны 7 жылға бас еркіндігінен айыру туралы
үкім шығарған
. Ол 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағы кезінде "бюджеттің 700 миллион теңгеден көп қаржысын жымқырғаны және қызмет өкілетін асыра пайдаланып, мемлекетке 3 миллион теңгеден астам зиян келтіргені" үшін айыпты деп танылған.
10
14 тамызда хакерлер Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Twitter-дегі аккаунтын
бұзып
, ондағы парақшаға әуелі: "Отставкаға кетемін. Үкіметтің әрекетіне ұяламын. Кешіріңіздер" деген, сәл кейінірек "Еркін фотограф боламын. Бұрыннан армандап келгем" деген жазбалар шығарған. Ресей үкіметі баспасөз қызметінің өкілі ондағы соңғы жазылған жазбалардың "жалған" екенін айтты.
11
15 тамыз күні Астанада сот орындаушылары баспаналары тұрған бұрынғы саяжай жерлерін «мемлекет қажетіне» алуға қарсы бес әйел 10 күн бойы аштық жариялап жатқан
тұрғын үйді бұзды
. Полицейлер арасында бір бала бар он шақты адамды ұстап әкетті. Билік ұсталғандар «сот үкімін орындауға кедергі келтіріп, билік өкіліне қасақана бағынбағаны үшін» жазаға тартылады деп хабарлады.
Апта бейнелері: 11 - 16 тамыз
Back to top
XS
SM
MD
LG