Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Инфографика
4 - 9 тамыз
10 тамыз 2014 жыл, 10:23
Азаттық 4 - 9 тамыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
4 тамыз күні Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонканың Қазақстанның шекарасынан өтпегенін және уақытша тіркеуге де тұрмағанын
мәлімдеді
. Бұған дейін Украина бас прокуратурасы Виктор Янукович биліктен кетірілген соң Пшонканың Қазақстан азаматтығын сұрағаны жайлы ақпаратты
тексеретінін
мәлімдеген еді.
2
WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жариялаған
рейтингте
қазақстандық 20 жастағы Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Ол 1019 ұпаймен 53-орынға шығып, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы болып келген Ярослава Шведованы (1017 ұпаймен 54-орында) басып озды.
3
4 тамыз күні Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі Сарыарқа аудандық соты адвокат Анатолий Утбановтың талап-арызын қанағаттандырудан
бас тартты
. Ол девальвация себептерін түсіндіруді өтінген сауалына тиісті мерзімде жауап қайтармаған ұлттық банктің әрекеттерін заңсыз деп тануды сұраған еді.
4
Байланыс және ақпарат агенттігі Астана қаласы Есіл ауданы сотына талап жолдап, өздерін «Сирияда соғысып жүрген жиһадшылармыз» деп таныстырған адамдардың видеосын Қазақстан аумағында көрсетуге тыйым салуды сұрады деп
хабарлады
агенттік басшысы Асқар Жұмағалиев. Ол даулы видеоның сотқа дейінгі тергеуге байланысты www.youtube.com и www.vk.com сайттарынан өшірілгенін айтты.
5
6 тамыз күні Әзербайжан билігі қамауда отырған танымал құқық қорғаушы
Лейла Юнустың
күйеуі Ариф Юнусты тұтқындады. Бас прокуратура оған «Армения арнайы қызметі өкілдеріне саналы түрде көмектесіп, мемлекетке опасыздық жасады», сонымен бірге «басқа біреуің ірі көлемдегі мүлкін иеленіп алған» деген айыптар тағылғанын хабарлады.
6
6 тамыз күні Астанада өткен Қазақстан үкіметінің кеңейтілген жиынында президент Нұрсұлтан Назарбаев қайта жасақталатын үкімет құрамында бұған дейін жұмыс істеп келген 17 министрліктің орнына 12 министрлік қалатыны туралы
жариялады
. Сарапшылар үкіметті қайта құру бюрократиялық сипаттағы проблемаларға апарып соғуы мүмкін екенін айтады.
7
6 тамыз күні Астанада үкіметтің кеңейтілген жиынында сөйлеген экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстан Ресейге қарсы санкциялар күшейіп, Украинадағы ахуал нашарлай берген жағдайға арналған шаралардың жеке жоспарын жасағаны жайлы
хабарлады
. Оның айтуынша, "президент тапсырмасы бойынша" жасалған жоспар алдағы күзде "өзекті" болмақ. Бірақ жоспарда нақты қандай шаралар қамтылғаны және неліктен 2014 жылғы қыркүйек айына белгіленгені айтылмады.
8
Астана шетіндегі бұрынғы саяжай тұрғындары - 5 әйел 6 тамыз күні
аштық жариялады
. Бұл адамдар өз баспаналары тұрған жерлерін «мемлекет қажетіне» алуға қарсылық білдіріп, қала билігімен былтырдан бері
дауласып
жүр. Әйелдер бұған дейін Астанадағы бірқатар билік ғимараттары алдында наразылық акцияларын өткізген, бірақ одан нәтиже шықпады.
9
6 тамыз күні Өскеменге екі күндік жұмыс сапарымен
келген
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесті. Кейбір сарапшылар сыртқы саясатқа жауап беретін жоғары лауазымды шенеуніктің көрші елдің шалғай аймағына баруы "біртүрлі" көрінетінін
айтады
.
Сыртқы істер министрлігінің
хабарлауынша
, қос министр «Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы мәселелерін, сонымен бірге халықаралық өзекті тақырыптарды» талқылаған.
10
Осы аптада Жапонияда 1945 жылы тамызда Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасының жүздеген мың құрбандарын
еске алды
.
Астанада Жапония елшілігінің ұйымдастыруымен Хиросима мен Нагасаки құрбандарын еске алуға арналған
көрме
ашылды.
11
7 тамыз күні Ресей Еуропа Одағы елдерінен, АҚШ, Австралия, Канада және Норвегиядан импорттауға тыйым салынған сиыр еті, шошқа еті, көкөніс, құс еті, ірімшік пен сүт өнімдерінің
тізімін
жариялады. Мәскеу бұны Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге Батыс елдері салған санкцияларға жауап шара деп түсіндірді.
12
7 тамыз күні Киевтің орталығында өздерін "Майданның өзін-өзі қорғау тобы" деп атайтын белсенділер мен милиция арасында
қақтығыс
болды. Қақтығыс коммуналдық қызмет өкілдері баррикадаларды бұзуға кіріскеннен кейін басталған. 2014 жылы мамыр айында президент сайлауы өткен соң Тәуелсіздік алаңында тәртіпті ретке келтірмек болған Киев қалалық билік орындарының бірнеше мәрте жасаған талпыныстары алаңда тұрғандардың қарсылығына тап болған еді.
13
7 тамыз күні АҚШ президенті Барак Обама Ирактағы "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының позициясына
әуеден соққы жасауға
санкция берді. Президент бұған қоса Ирактағы исламшылдар басып алған аумақтарды тастап кеткен босқындар тұрып жатқан аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуге бұйрық шығарды.
БҰҰ деректері бойынша, соңғы тәуліктерде 200 мыңнан аса адам Ирактың солтүстігіндегі
шайқас болып
жатқан жерден бассауғалап кетуге мәжбүр болған.
14
8 тамыз күні Ресейдің Алматыдағы бас консулдығына
барған
бір топ адам кезінде қазақстандық банктерден алған ипотекалық несие қарыздарына байланысты туындаған мәселелерін шешуге Мәскеуден көмек сұрап, Кремльге хат жолдады. Банктен алған қарыздарын кешіруді Қазақстан билігінен талап еткен борышкерлер бұған дейін Алматы мен Астанада бірнеше рет
наразылық акцияларын
өткізген.
4 - 9 тамыз
Back to top
XS
SM
MD
LG