Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Инфографика
Апта бейнелері: 21-26 шілде
27 шілде 2014 жыл, 14:01
Азаттық 21-26 шілде аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
21 шілде күні Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты Қазақстанның төрт азаматын «террористік топ құрамында ауыр қылмыс жасауға қатысқан» деген айыппен 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге түрмеге кесуге
үкім шығарды
. Сот материалында сотталғандардың 2011 жылдың қазан айынан 2013 жылдың қарашасына дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасап, «терроризмді насихаттағаны» және «террористік іс-әрекетке қаржылай немесе өзгедей қолдау көрсеткені», сонымен бірге «Сирия аумағында террорлық актілер жасаған террористік топтың қызметіне қатысқаны» айтылған.
2
21 шілде күні АҚШ алқа соты Бостон марафоны кезіндегі жарылысты тексеру ісінде күдікті болған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқовты "терактіні тексеруге кедергі келтіргені және айғақты жасыруға көмектесткені үшін кінәлі" деп
таныды
. Туыстары енді 16 қазанда ақтық үкім шығарғанда сот Азамат Тәжаяқовтың "кінәсі жоғын ескерер" деп
үміттенеді
. Boston Globe басылымы Тәжаяқовқа тергеуге кедергі келтіргені үшін ең ауыр 20 жылдық түрме жазасы, сөз байласқаны үшін 5 жылға дейін абақты жазасы кесілуі мүмкін екенін жазады.
Суретте: Азамат Тәжаяқов анасы Тұрсынай Исмағұловамен бірге. (Сурет tazhayakov.com вебсайтынан алынды)
3
23 шілде - Голландия халқы Украинаның шығысында жолаушылар ұшағы құлағанда қаза тапқандарды
аза тұтты
. Мыңдаған адам көшеге үстіне ақ түсті киім киіп, қолдарына ақ шар ұстап шықты. Бүкіл елде бір минут үнсіздік жарияланып, мемлекеттік тулар төмен түсірілді. Осы аптада 274 адамның денелері Харьковтен Нидерландтың Эйндховен қаласына ұшақпен
жеткізілді
. Ұшақ құлаған жерде әлі 24 адамның сүйектері табылмай жатқаны айтылады. Ұшақ құлаған жерді күзетке алу үшін Австралия, Малайзия және халықаралық тергеуге жетекшілік жасайтын Нидерланд өз полицейлерін Украинаға жіберетіндерін мәлімдеген.
4
Астанада жер телімдерін "мемлекет қажетіне" алуға наразы бірнеше әйел 23 шілде күні бала-шағасымен үкімет үйіне келіп, президент әкімшілігі басшысы Нұрлан Нығматулинмен жолықпайынша осы жерден ешқайда кетпейтіндерін мәлімдеді. Бейсенбіге қараған түн ортасында оларды полиция алып кеткен еді. Таң ата босатылған наразылар балаларын қайтарып, үкімет үйінің алдына қайта келіп, сол жерден
тарамай
тұр.
5
23 шілде күні Тайваньның оңтүстігінде жергілікті TransAsia Airways компаниясының ATR-72 жолаушылар ұшағы
апатқа ұшырап
, 47 адам қаза тапты, 11 адам жараланды. Тайвань көлік және коммуникация министрі Йе Куан-ши ұшақта 54 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Каосюн қаласынан Пэнхуге ұшып келген ұшақ қонарда өртеніп кеткен.
Суретте: Ұшақ құлаған жерде тұрған адам. Пенху, 24 шілде 2014 жыл.
6
Украинада құлаған ұшақтың «қара жәшіктері» Ұлыбританияға жеткізілген соң Фарнборо қаласындағы арнайы орталықта мамандар алдын ала сараптама жұмыстарына кіріскені
хабарланды
. Шілденің 22-сіне қараған түні «Донецк халық республикасының» өкілдері екі «қара жәшікті» Донецкіде малайзиялық сарапшыларға берген болатын.
7
Ауыл квотасына бола резидентураға құжат өткізе алмай жүрген Алматыдағы медицина университетінің интернатурасын бітірген бір топ жас шілденің 24-і күні университет алдына
жиналып,
оқуларын ары қарай жалғастыруға жасалып отырған кедергі алып тасталсын деген талаптарын айтты. Құжат қабылдаушылар «бұл мәселе қазір шешілген» деп хабарлады.
8
24 шілде күні оннан аса жергілікті белсенділер Астанадағы Нидерланд елшілігіне келіп, Украинаның шығысында малайзиялық жолаушылар ұшағы апатында 193 азаматы опат болған Голландия халқына
көңіл айтты
. «Бұл апатқа қатысты болжамдар расқа шығып, ұшақтың атып түсірілгені дәлелденсе, кінәлілер халықаралық сотқа тартылуы тиіс» деді олар. Қазақстандық белсенділер Алматыдағы Нидерланд консулдығына да көңіл айтып,
гүл шоқтарын
әкелді.
9
24 шілде күні Буркина-Фасодан Алжирге ұшып шыққан жол Air Algerie әуе компаниясының жолаушылар ұшағымен байланыс
үзіліп
қалды. Кейін апатқа ұшыраған ұшақ сынықтары Мали аумағынан табылды. Ұшақтағы 110-нан астам жолаушының барлығы
қаза болған
.
Суретте: Апатқа ұшыраған Air Algerie әуе компаниясының жолаушылар ұшағының сынықтары. Мали, 25 шілде 2014 жыл.
10
24 шілде күні Мәскеу қалалық соты 2012 жылы 6 мамыр күні Мәскеудің
Болотный алаңында
"
жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған" және басқа қалаларда да ұйымдастырмақ болған деп айыпталған ресейлік оппозиция өкілдері Сергей Удальцов пен Леонид Развозжаевты төрт жарым жылға бас бостандығынан айыруға
үкім
шығарды.
Суретте:
Леонид Развозжаев сот залында. Мәскеу,
24 шілде 2014 жыл.
11
24 шілде күні Қарағандының Қазыбек би аудандық соты судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақырған жергілікті заңгер Евгений Танковты «билік өкіліне шабуыл жасаған» деп тауып, оны үш жылға бас еркіндігінен айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге
үкім шығарды
.
Суретте: Сотталушы Евгений Танков сот залында. Қарағанды, 23 шілде 2014 жыл. (Суреттің авторы - Санат Орынәлиев).
13
25 шілде күні Бішкек соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті, оның ағасы әрі мемлекеттік қауіпсіздік қызметін басқарған Жаныш Бакиевті, бұрынғы премьер-министр Данияр Үсеновті
сырттай соттап
, өмір бойы бас бостандығынан айырды. Олардың мүліктері де тәркіленеді. Бұған қоса арасында Бакиевтің бірнеше туысқаны бар 25 айыпталушы 6 жылдан 25 жылға дейін түрмеге кесілді.
14
Палестиналық ХАМАС тобы мен Израиль арасында сенбі күнгі 12 сағаттық
уақытша бітім
мерзімі аяқталған соң Газа секторынан Израиль аумағына қарай минометтен үш снаряд атылғаны хабарланды. 26 шілдеде АҚШ, Еуропа Одағы мен Таяу Шығыс елдері екі тарапты «гуманитарлық үзілісті» ары қарай жалғастыруға шақырған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, Газа секторында қарулы қақтығыстар басталғалы бері мыңнан аса адам қаза тапқан, олардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар. Осы мерзім ішінде Израиль жағынан 40 әскери қызметкер мен 2 бейбіт тұрғын мерт болған.
15
26 шілде күні АҚШ-та өткен кезекті жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Австралияның өкілі Дэниэл Гилді үшінші раундта
нокуатқа
жіберіп, орта салмақта WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын 11-ші мәрте қорғап қалды. Бұл 32 жастағы Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингтегі 30-шы жеңісі. Соның 27-інде Головкин қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Суретте: Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин. Нью-Йорк, 2 қараша 2013 жыл.
Апта бейнелері: 21-26 шілде
Back to top
XS
SM
MD
LG