Accessibility links

Сот шешіміне наразы әйелдер краннан түспей отыр


Наразы әйелдер кранның басында отыр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл. Суретті түсірген Мұрат Тұңғышбаев.
Наразы әйелдер кранның басында отыр. Астана, 29 мамыр 2013 жыл. Суретті түсірген Мұрат Тұңғышбаев.
Астанада сотталған ұлын босатуды талап етіп, кранның басына шығып алған Бағжан Аязбекова мен оның келіні наразылықтарын әлі жалғастырып отыр. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Бағжан Аязбекованың өзі телефон арқылы хабарлады.

Сот шешіміне наразылық танытқан екі әйел кеше, 29 мамырда қаладағы құрылыс жүріп жатқан жердегі кранның басына шығып алған еді. Олар "заңсыз сотталған" туысы Азамат Аязбековті босатуды талап еткен.

Аязбекованың айтуынша, олар кранда түнеп шыққан. Келіні екеуіне кранның басына жамылғы, су мен дәрі-дәрмек жеткізіп берген. "Әзірге дейін бізбен ешкім келіссөз жүргізбеді" дейді Бағжан Аязбекова.

Кран маңында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері тұр.

Наразы әйелдер бұған дейін де, 2012 жылы қарашада осындай талап қойып, жылу электр станциясының мұржасына шығып кеткен еді. Ол кездегі наразылықта Бағжан Аязбековамен бірге кіші ұлы да болған.

Бұған дейін Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Бағжан Аязбекованың ұлы, 1987 жылы туған Азамат Аязбеков 2011 жылы "кісі бопсалады және билік өкілін (полицейді) жарақаттады" деп айыпталып, 9 жылға сотталғанын хабарлаған.

Бірақ Бағжан Аязбекова ұлын "жазықсыз сотталды" деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, ұлы әуелі куәгер болған, кейін айыпталушыға айналып, сотталған.

Азаттық тілшісінің Бағжан Аязбековадан телефон арқылы алған сұхбаты:

Бағжан Аязбековамен телефон арқылы болған сұхбат
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00
XS
SM
MD
LG